Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Ж. Нұрсейітов атындағы №233 орта мектеп түлегі Нартай Айбек Тұрсынзадаұлы Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетіп, 138 ұпай жинады!
Информатика-математика бағытын таңдаған талапты жас өз білімінің тереңдігін дәлелдеп, үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Дарынды түлекке алдағы білім жолында толағай табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз!

