Kyzylorda-news.kz Әлемдік білім беру жүйесіндегі үздік тәжірибелерді меңгеру әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінде айшықты рөл атқарады. Бүгінде жастардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына жол ашатын түрлі бағдарламалар іске қосылуда. Шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі мектеп оқушыларына да қарастырылған. 

Мәселен, 17 жастағы қызылордалық Серғали Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің түлегі Аянат Балғабайқызы «FLEX» бағдарламасымен АҚШ-тағы Индиана штатында бір жыл білім алып, жуырда елге оралды. Бағдарлама, шетелдегі өмір және білім туралы толығырақ білу үшін кейіпкерімізбен әңгімелескен болатынбыз.

Кейіпкеріміздің айтуынша, «FLEX» туралы 10-сыныпта естіп, қатысуға шешім қабылдаған. 

− Мектеп қабырғасына келіп, оқушы атанғаннан бастап ағылшын тілін үлкен қызығушылықпен оқыдым. «Қажырлы еңбек − табыс кілті» демекші, өмірімдегі жаңа бастамада ағылшын тілінің маңызы зор болды. «Flex» бағдарламасында бақ сынадым, әрине, мұның барлығы уақыт пен үздіксіз дайындықты талап етті. Іріктеу 3 кезеңді құрады. Мен үшін қиындық тудырған − соңғы кезең. Себебі АҚШ-тан келген емтихан алушымен ойын ойнап, көшбасшы екеніңді көрсету, жеке интервьюде шынайылығың мен айқын мақсатыңды жеткізу оңай емес. «Flex» толықтай American Council демеушілігімен жүзеге асады. Сондықтан барлық шығын ұйымдастырушылар тарапынан төленді. Сондай-ақ толық грант иеленген соң, ай сайын шәкіртақы алдым, − деді білім алушы.

Не үшін «FLEХ»?

Сұхбат барысында Аянат бағдарламаның ерекшелігіне тоқталды. Сондай-ақ АҚШ-тағы тіршілік туралы сұрадық.

− Бағдарлама қатысушыларға Америка құрама штаттарының халқы мен мәдениетін тануға, өзге елдің әдет-ғұрыпымен танысып, бастысы жаһандану дәуірінде сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Жастарға әсіресе менің құрдастарыма берері, үйретері көп. Өмірге тез үйренісуге, өз еліңнің мәдениетімен бөлісуге, өзге елдің салтына үйренуге бағыттайтын әрі жарқын болашаққа бастайтын бағдарлама.

АҚШ, Индиана штаты, Fort Wayne қаласындағы Heritage JR/SR High мектебінде оқыдым. Алғашқы күннен ақ барлығы ұнады. Жаңа ортаға тез бейімделдім. Негізінде мектеп таңдау құқығы берілмейді. Бірақ қажет жағдайда өзгертуге болады. Менде білім ордасын ауыстыру мәселесі туындамады.

Мектептегі бірінші күнімнен-ақ барлығымен тіл табысып, жақсы ортаның адамдарымен таныстым. Олардың арқасында керемет уақыт өткізіп, арманымдағы нағыз Американы көрдім. Әрине, өте жақын араласқан достарым да болды.

Ерекшеліктеріне тоқталсам, өзіңнің мамандығыңа, бейіміңе қарай пән таңдау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл оқушының кәсіби дағдыларын арттыруға көмектеседі деп ойлаймын. Келесі ерекшелігі міндетті түрде түскі ас беріледі, барлық оқушыда жеке locker болады. Сынып емес, әр пәнге бөлек бекітілген аудиторияда дәріс өтеді. Спортзал толық қамтылған және маусымдық ойын түрлерімен еркін айналыса аласың.

Бағдарламаның қатысушылары шетелдік отбасымен бірге өмір сүреді. Менің америкалық отбасым керемет жандар болды. Мені өз қыздарындай санады. Ешқандай шектеу қоймады. Жаңа ата- анаммен тығыз байланыс әрі жылы қарым-қатынас орната алдық. Олар кеңесімен бөлісіп, жаңа елге үйренісуіме көп көмектесті. Қаржылық жағынан да өте жақсы қамтамасыз етілді, − деді жерлесіміз Аянат  Балғабайқызы.

1 жыл аз уақыт емес. Кейіпкеріміз шетелдегі өмірі туралы  айтқанда Американың оны тек жақсы жаққа өзгерткенін тілге тиек етті. 

− Өмірде кездесетін мәселелерді сабырмен шешу, қорқынышыңды жеңу, көмектесуден және көмек сұраудан қашпауды, алға жүруден шаршамауды үйретті. Америкадағы кезеңді тиімді пайдалана алдым. Екі спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданып, сабақтарымды да жоғары деңгейде оқыдым. Оқу үлгерімім және 115 сағат волонтерлық жұмыс істегенім үшін марапатқа ие болдым. Мектеп қабырғасында өзімнің жеке ұйымымды құрдым. Белсенді жұмыстың нәтижесінде «Student of the Month» номинациясын жеңіп алдым.

Бағдарлама бойынша тағы да шетелде оқу мүмкіндігі берілсе, 1 жылда орындалған жұмыс пен керемет сәттердің ешқайсысын өзгертпейтін едім. Ал «FLEX»пен оқуға түскісі келетін оқушыларға айтарым, өзіңізге сеніңіз және қорықпаңыз!

Алдағы жоспар туралы айтсам, «Алтын белгі» үміткері болған соң сынақтан жоғары балл жинап, бизнес және экономика бағытында өзімді дамытсам деймін. Алдағы уақытта шетелге оқуға түсіп, өмірімді сонда жалғастыру жоспарда бар, − дейді Аянат.

Айта кетейік, бойынша Серғали Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейінің 9 «Б» сынып оқушысы Айзере Найзабай осы бағдарлама бойынша бір жыл тегін оқу мүмкіндігін жеңіп алды.

Бүгінде «FLEX» бағдарламасымен шетелде 100-ге жуық астам қазақстандық оқушы білім алуда. Көшбасшылық қасиетімен көзге түскен қазақстандық Полина Жирякова  Мэриленд штатында оқыпк келген. 

- Бұл жақта қазақстандық мектебіміз бен білім беру жүйеміз бізге беретін кең көзқарас  жоқ. Бізде бәрі тезірек өтеді, көп жүктеме болады. Бірақ сонымен бірге біздің елімізде әрбір адам белгілі бір пәндер кешенін меңгеруі керек. Сондықтан біз географияны білеміз, кем дегенде қарапайым математиканы бәрі жақсы біледі. Және тілдерді біледі, біз бәріміз 3 тілді міндетті түрде үйренемі, − деген еді Полина Жирякова «24.kz» арнасына берген сұхбатында. 

FLEX (Future Leaders Exchange) бағдарламасы – АҚШ үкіметі тарапынан қаржыландырылатын арнайы алмасу бағдарламасы. Ол 1992 жылы негізделіп, сол уақыттан бері мыңдаған жасөспірімдерге АҚШ-та бір оқу жылын өткізіп, америкалық орта мектептерде білім алуға және америкалық отбасымен бірге тұруға мүмкіндік берді.Бағдарламаның негізгі мақсаттарына тоқталсақ.

Мәдени алмасу: Студенттерге АҚШ мәдениетін, білім беру жүйесін және өмір салтын таныстыру, сонымен қатар американдықтарға өз елдерінің мәдениетін таныстыру.

Лидерлік қасиеттерді дамыту: Қатысушылардың лидерлік қасиеттерін дамытып, оларды өз қоғамдарының болашақ көшбасшылары болуға ынталандыру.

Халықаралық түсіністікті нығайту: Әртүрлі елдер арасында бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайту.

Қатысушыларды іріктеу процесі өте қатаң және бірнеше кезеңнен тұрады, соның ішінде ағылшын тілінен тестілеу, эссе жазу және сұхбат тапсырмалары қамтылады. Бағдарлама қатысушыларына АҚШ-та түрлі ресурстар мен қолдау көрсетіледі, олар оқудан тыс уақытта түрлі іс-шараларға, волонтерлік жобаларға қатыса алады. FLEX бағдарламасы көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да қолжетімді. Қазақстандық оқушылар үшін бұл бағдарлама ерекше мүмкіндіктер мен тәжірибе ұсынады.

Шетелде оқу көптеген маңызды артықшылықтар мен мүмкіндіктер арқылы ол студенттердің академиялық, кәсіби және жеке дамуына айтарлықтай ықпал етеді.Шетелдегі білім беру жүйелері мен әдістемелері инновациямен байланысты. Бұл студенттерге өз саласында жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге, алдыңғы қатарлы технологиялар, зерттеулермен танысуға мүмкіндік береді. Шетелде білім алған кезеңде студенттер жаңа тіл үйреніп, тілдік дағдыларын жетілдіре алады. Жаңа ортада болу тілді меңгерудің ең тиімді әдістерінің бірі. Осы тұста мәдени танымның кеңейетінін айтған жөн. Шетелде оқу арқылы студенттер басқа мәдениеттермен танысып, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытады. Бұл болашақта халықаралық деңгейде жұмыс істеуге немесе әртүрлі мәдениеттермен өзара әрекеттесуде үлкен артықшылық береді. Шетелде оқу студенттерді өз бетімен өмір сүруге, өз проблемаларын өздері шешуге, дербестік пен жауапкершілікке үйретеді. Бұл тұлғалық дамуға және өзін-өзі тануға үлкен ықпал етеді.Шетелде оқу кезінде студенттер бүкіл әлемнен жаңа достар табады, бұл болашақта халықаралық байланыстарды кеңейтуге және мәдениеттер арасында көпірлер салуға көмектеседі. Шетелде оқу тәжірибесі түйіндемеде ерекше көрінеді және жұмыс берушілердің назарын аударады. Халықаралық тәжірибе, көптілділік және бейімделгіштік қасиеттері жұмыс нарығында жоғары бағаланады. Жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Олар жаһандық мәселелерді жақсырақ түсініп, кең перспективалық ойлау қабілетін дамытады.

Шетелде оқу – бұл студенттердің өмірінде маңызды және әсерлі кезең. Ол білім беру мен жеке даму тұрғысынан баға жетпес тәжірибе. Шетелде білім алу мүмкін пен мүдде. Өткен жылы еліміздегі жастар саны 5,7 миллионды құрады. Олардың басым бөлігі, әрине,  шетелде оқуды, саяхаттауды, жұмыс істеуде қалайды. Жалпы жастарға шетелге шығуға қандай мүмкіндіктер қарастырылған?

Алғашқы мүмкіндік – «Болашақ» бағдарламасы. Халықаралық «Болашақ» степендиясы 1993 жылдың 5-қарашадағы № 1394 Қаулысымен кадрлар мен мамандар даярлау үшін құрылған. Республика азаматтарының әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында күндізгі бөлімде магистратура, докторантура (PhD), медициналық ғылым кандидаты, клиникалық ординатурада оқу, резидентура білімін шыңдауға немесе шетелдік мекемелерде іс-тәжірибеден өтіп біліктілік арттыруға мол мүмкіндік береді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның оң қорытындысына ие болған үміткерлер ғана стедения иегері атанады (ҚР Электрондық үкіметі, 2021).

Осыған байланысты әлемдік озық университеттердің білім берудегі озықтығын үйрену мақсатында ең алғаш рет 1994 жылы «Болашақпен» АҚШ, Ұлыбританияға, Германия және Франция секілді елдерге Қазақстанның 187 студенті білім алуға жіберілген. Жыл өткен сайын «Болашақ» бағдарламасының ауқымы мен үміткерлер саны артып, қызметі жалғасып келеді. «Болашақ» бағдарламасының көп жақсылықтарының бірі қазақстандық университеттердің шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастықтары артуы мен дамуына өз пайдасын тигізді. Қазіргі таңда «Болашақ» түлектері Президент аппаратынан бастап, барлық маңызды мекемелер мен  ұлттық компанияларда Қазақстанды заман талабына сай дамытуға табысты қызмет етіп жүр. «Болашақ» түлегі оқуының бітіріп, Қазақстанға оралып мамандығы бойынша мемлекеттік органдарда жұмыс істеуі керек. Бағдарлама түлектерінің 99,1 пайызы жұмысқа орналасқан. Жалпы «Болашақ» бағдарламасымен 1994-2020 жылдар аралығында 14 156 стипендия берілсе, оның 785-і 1994-2004 жылдар аралығында, ал 2005-2020 жылдарда 13 371 стипендия тағайындалған. Сол 13 371 стипендияның 3379-ы – бакалавриат, 7379 – магистратура, 35 – аспирантура, 87 – клиникалық ординатура, 366 – докторантура, 2125 – тағылымдама бағдарламасы бойынша білім алуға бөлінген.  «Болашақ» стипендиясының иегерлері мына елдерді таңдайды: Ұлыбритания мен Ирландия – 45,5%, АҚШ пен Канада – 26%, Еуропа елдері – 12,9%, Азия елдері – 8% және степендияттардың 7,6% үлесі Ресейде оқуды таңдаған. Бұған қоса, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған 11 121 маманның 54,8%-ы гуманитарлық, 36,2%-ы техникалық, 7,2%-ы медициналық және 1,8%-ы шығармашылық мамандық иегерлері екен. 

Арманын мақсатқа, мақсатын іс жүзінде орындайиын деген талабы тау­дай жастарға кез келген елде қолдау көрсететін «Erasmus Mundus Joint Master Degrees» халықаралық бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама арқылы жастар елде оқуға мүмкіндік алады. Бағдарлама оқу ақысын, медициналық сақтан­дыруды, жолыңыз бен орнала­суыңызды толық өтейді. Erasmus Mundus Joint Masters − магистратура деңгейіндегі жоғары деңгейлі кешенді оқу бағдарламалары. Бағдарламаларды әлемнің түрлі елдерінен келген жоғары оқу орындарының халықаралық серіктестігі әзірлеп, іске асыруда. «Erasmus+» осы бағдарламаларға қатысқысы келетін студенттерге арналған стипендияларды қаржыландырады. Магистрлік бағдарламалардың өзі бұл стипендияларды жыл сайынғы өтінім беру кезеңдері арқылы бүкіл әлем бойынша ең жақсы рейтингі бар студенттерге ұсынады.Әлемнің кез келген елінен магистратура деңгейіндегі студенттер өтініш бере алады. Қатысушы жоғары білімнің бірінші дәрежесін алуыңыз керек немесе дәреже беретін елдердегі ұлттық заңдар мен тәжірибелерге сәйкес танылған баламалы оқу деңгейін көрсетуі керек. Оқу мерзімі Кем 12-24 ай аралығында жүзеге асады. Үміткер бағдарлама аясында өз саласына қатысты кез кешен бағытты таңдай алады. 

Осы орайда «Informburo.kz» порталы қазақстандықтарға ұсынған шетелде тиімді әрі тегін білім алуға мүмкіндік беретін грант пен тағылымдамалар топтамасымен бөліссек. Топтама ішінде студенттерге өз елінде ақысыз негізде білім алуға көмектесетін бағдарламалар да бар. 

Erasmus Mundus стипендиясы  Бұл – студент пен ұстаздар арасында білім алмасуды мақсат тұтатын Еуропа кеңесінің бағдарламасы. 1987 жылдан бері оны 3 миллионнан астам адам пайдаланды. 

Шетелдік студенттер қордың келесі 7 бағдарламасын жиі таңдайды: Comenius (оқушылар), Erasmus (студенттер), Erasmus Mundus (магистранттар), Leonardo da Vinci (кәсіби білім), Grundtvig (үлкендерді оқыту), Youth in Action (жастарға дәстүрлі емес білім беру), Jean Monnet (Еуропа кеңесін зерттеу), Sports (спорт саласы). 

Еуропа одағы азаматтарынан бөлек әлемнің 33 елінің студенті осы бағдарламаға өтінім бере алады. Шәкіртақы университеттегі білім, жол ақысы, кітапхана мен зертханаға кететін шығын, виза, медициналық сақтандыру және тұратын орын құнын өтейді. 

Қаржы 1-2 оқу жылына бөлініп, студентке ай сайын 1000 еуро көлемінде шәкіртақы төленеді. Егер үміткер соңғы 5 жыл ішінде бір жылдан 

астам уақыт ЕО-да оқып, жұмыс істеген болса, шәкіртақысы төмен болады. Алайда оның да конкурсқа қатысу құқығы бар.  Басқа бағдарламалардан айырмашылығы – Erasmus Mundus студентті оқу аяқталған соң өз еліне қайтуға мәжбүрлемейді. Талаптары: бакалавр немесе магистр деңгейінің болуы; қазір оқып жатқан студенттер де қатыса алады, тек анықтама ұсынуы тиіс;үміткердің орташа балы жақсы болуы керек; IELTS 6.5 балдан жоғары; TOEFL 90 балдан жоғары болуы керек. Құжат өткізу уақыты университет пен бағдарламаға байланысты. Көптеген оқу орны құжатты қазан-қаңтар айлары арасында қабылдайды. 

Wells Mountain Foundation ұйымы Empowerment Through Education бағдаралмасы арқылы дамушы мемлекет студенттеріне өз елінде немесе шетелде тегін білім алуға мүмкіндік береді.  Бұл шәкіртақы түрін пайдаланған студенттер жылына 100 сағат ерікті болып жұмыс істеуге міндеттеледі. Есесіне олар бағдарламаға тіркелген университеттердің бірінде келесі мамандықтар бойынша білім алу мүмкіндігін иеленеді: медицина, қоғамды дамыту, құқық, білім, әлеуметтік жұмыстар, бизнес, ақпараттық технология, ауыл шаруашылығы, инженерия.  Жыл сайын ұйым 50-60 шәкіртақы бөледі. Шәкіртақы құны 300 доллардан бастап 3000 долларға дейін. Орташа есеппен студенттер 1500 доллар көлемінде шәкіртақы алып, оны оқу, кітап және тұратын орнына жұмсай алады. Талаптары:дамушы мемлекеттің азаматы болу;заңды орта білімнің болуы (үміткер үздік оқыған болуы тиіс);бағдарламаға тіркелген университеттердің біріне бакалавриатқа оқуға түсу;білім алған соң отанынан оралуды жоспарлау;ерікті ретінде тәжірибесінің болуы;үміткерлер басқа шәкіртақыларды да иелене алады;

шәкіртақы оқуының ақшасын төлей алмай жүрген студенттерге арналған. Құжаттар:өтінім, орта білім туралы диплом мен бағасы жазылған құжат;екі ұсыным хат. Құжаттарды ағылшын тіліне аударып, ресми сайтта онлайн өтінім беру қажет. 

Illinois Wesleyan University  бакалавриатта білім алғысы келетін шетелдік студенттерге бірнеше шәкіртақы түрін ұсынады: Merit-Based Scholarships, President’s Scholarships, Need-Based Financial Aid. Мұнымен қатар, үздік студенттер барған соң кампусқа жұмысқа орналаса алады.  Merit-Based Scholarships шәкіртақысы бір жылға арналған, көлемі 16-30 мың АҚШ долларын құрайды. Оны 4 жылға дейін созу мүмкіндігі бар.  President’s Scholarships 4 жыл оқу ақысын толықтай өтейді. Мұнымен қатар, жыл сайын 2 рет президент шәкіртақысы беріледі.  Талаптары:Merit-Based Scholarships: академиялық жетістіктері мен тест нәтижесі жоғары шетелдік үміткер болуы тиіс;President’s Scholarships: шетелдік үміткердің ерекше таланты, қызығушылы және академиялық жетістігі болуы керек. 

Thomson Reuters Foundation бағдарламасы.3-6 айға созылатын Reuters институтының журналистерге тағылымдамадан өтуге арналған зерттеу бағдарламасы заманауи білім алып, халықаралық зерттеушілер ортасында жүруге шақырады. Бағдарлама аясында ұйымдастырушылар тағылымгерге ай сайын 2000 еуро төлейді. 

Талаптары:үміткердің журналистика саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы керек. Тәжірибесі бұдан аз адамдарды сирек қабылдайды;ағылшын тілін білуі шарт;онлайн өтінімге келесі құжаттарды қосып беруі керек: түйіндеме, ағылшын тілін білетіні туралы тест, мотивациялық хат, зерттеудің жобасы (мың сөзден аспауы тиіс), жұмыс берушіден мінездеме және ұсыныс хат;жасаған жұмыстары туралы жазбаша ақпарат.

Түркияның шетелдік студенттерге ұсынатын шәкіртақысы.Университет пен бағдарламаның барлық талабына сай келетін студенттер осы шәкіртақының иесі атана алады. (GRE, GMAT, TOEFL, DELF, YDS, ALES және т.б.). Сондай-ақ, бұл бағдарламада Түркияның барлық тіркелген университеті бар. Ай сайын бакалавр студенттеріне – 700, магистратура студенттеріне – 950, аспиранттарға – 1400, зерттеушілерге 3000 түрік лирасы беріледі. Мұнымен қатар, шәкіртақы құнына студент тұратын жатақхана, университетте тегін білім, медициналық сақтандыру, түрік тілі курстарының шығыны, Түркияға баратын және қайтатын жол құны кіреді. Әдетте барарда студент билетті өзі сатып алып, кейін ұйымдастырушылар жұмсалған соманы қайтарып береді. 

Талаптары:бакалавриатқа түсетін студент жасы 21 жастан аспаған болуы тиіс;магистратураға түсетін студент жасы 30 жастан аспауы керек;аспирантураға түсетін студент жасы 35 жастан аспауы тиіс;Түркия азаматы және қазір сонда білім алып жатқандар үміткер бола алмайды;академиялық үлгерім мен әлеуметтік жетістіктер ескеріледі;өткізетін құжаттар тізімі: диплом, GPA, бұған дейін оқыған білім ордаларындағы емтихан нәтижесі, халықаралық тестілер нәтижесі (бар болса), басқа да академиялық жетістіктері туралы құжат. Мұнымен қатар, үміткердің оқу үлгерімі ескеріледі:бакалавр студенттері үшін – 70 пайыздан төмен емес;магистратура мен аспирантура студенттері үшін – 75 пайыздан төмен емес;зерттеушілер үшін – кемінде 90%.

Түркия үкіметі өтінімді 2023 жылдың 10 қаңтарынан бастап қабылдайды. 

Австриядағы Ашық медицина институтының бағдарламасы.2023 жылы Зальцбургте 41 семинар өткізу жоспарланып отыр. Ол медицина саласында кемінде 3 жыл уақыт тәжірибесі бар мамандарға арналған. Мақсаты – Орталық және Шығыс Еуропа, Оңтүстік Америка, Африка және ТМД елдері мамандарының медицина саласында өзара білім мен тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Семинарларды өткізуге Federal Ministry Republic of Austria, Wiener Philharmoniker, Das Land Steiermark, Austrian Airlines және әртүрлі фармацевтикалық компания демеуші болады.Шәкіртақы жол ақысы мен тұратын жердің ақшасын өтейді. Алайда үміткерлер Алматы немесе Астана қаласына жету жолпұлын өзі төлейді. Талаптары:кемінде 3 жыл істәжірибесінің болуы (дипломы бар, ем-дом жасап жүрген дәрігер);ординатура немесе интернатураның болуы;ағылшынша сөйлеп, жаза алу;үміткер жасының 30-40 арасында болуы;ҚР территориясында тұру және жұмыс істеу;конкурсқа тиісті құжаттарды жіберу.Бір аптаға созылатын семинарға қатысқан соң мамандар Австрия кликаларының бірінде 3 ай тағылымдамадан өтуге өтінім бере алады. Мұнымен қатар, ұйымдастырушылар семинар мен дедлайн уақытын өзгертуі мүмкін.  Ал Венада орналасқан Орталық Еуропа университетіндегі бағдарлама 100-ден астам мемлекеттік ұстазы мен студенттерінің басын қосады. Үміткерлердің АҚШ пен Австрияда тіркелген CEU бакалавриат бағдарламаларының бірін таңдау мүмкіндігі бар:сараптама және қоғам туралы ғылым;мәдениет, саясат және қоғам;философия, саясат және экономика.

Шетелде білім алу – бұл көп артықшылыққа ие тәжірибе. Біріншіден, ол жаңа мәдениеттермен танысуға мүмкіндік береді. Студенттер әртүрлі елдерден келген адамдармен қарым-қатынас орнатып, олардың әдет-ғұрыптарын, тілдерін және көзқарастарын түсінеді. Екіншіден, шетелдік оқу орындары жоғары сапалы білім береді, ал бұл еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі. Үшіншіден, шетелде оқу арқылы өмір сүру дағдылары дамиды. Сонымен қатар, жаңа ортада өмір сүру қиындықтарды жеңуге және икемділікті арттыруға ықпал етеді.

 

А.Текебай
Фото: Аянат Балғабайқызы

Тағы да оқыңыз: