Kyzylorda-news.kz. Білім беру сапасын арттыру – бүгінгі күннің басты талабы. Мұғалімдердің біліктілігі, оқушылардың білім деңгейі бойынша қаладағы білім ошақтарында айтарлықтай жетістіктер бар. Оны түрлі деңгейдегі олимпиада, республикалық, халықаралық дәрежедегі білім додаларында үздік шығып жүрген оқушылар жетістігінен байқауға болады. 

Бүгінде Қызылорда қаласы бойынша қалалық білім бөліміне қарасты 55 жалпы білім беретін және 1 кешкі мектеп жұмыс жасайды. Оның ішінде білім беру жүйесіндегі талапқа сай 11 мектеп-лицейі (№3, 5, 7, 10, 11, 15, 23, 101, 136, 264, 268, 282) мен үш мектеп-гимназия (№1, 9, 212), бір дарынды балаларға арналған Абай атындағы «Мұрагер» мектебі бар. 

Қаланың демографиялық көрсеткіші көбейген сайын қалада білім ордаларына деген сұраныс артқан. Мәселен, биылғы оқу жылында қала мектептерінде 68 268 оқушы білім алған.  Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1299 оқушыға артып отыр. Осы орайда қалада 3 ауысымды мектеп мәселесін шешу қолға алынуда. Ол мақсатта үш ауысымда сабақ беретін білім ордаларынын жанынан қосымша бастауыш сыныптарға арналған білім нысандары бой көтеруде. Бүгінде аталған қосымша білім ғимараттарының бірқатарының құрылыс аяқталды. Кейбіррі алдағы уақытта аяқталады. Ал, жалпы алғанда жаңа білім ғимараттары алдағы оқу жылында оқушылардың игілігіне берілмек. Одан бөлек, биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында заманауи үлгідегі білім ордалары да бой көтереді. Қазіргі таңда оның құрылыс жүргізу орынджары белгіленіп, сол аумақ бойынша іргетасын қалау жұмысы басталмақ. Бұл да өө кезегінде соңғы үлгідегі, заманға сай барлық талапты қамти алатын білім беру ордасына айналады. Онда бастауыш сынып оқушылары бөлек блокта, жоғары сынып бөлек ғимаратта білім алатын болады. Сондай-ақ, оқушылардың сапалы білім алуы үшін бар мүмкіндік жасалмақ. 

Шәкірттерге сапалы білім дарытуда мұғалімдерге қойылар талап та жоғары. Бүгінгі күні ұстаздар қауымы заман талабына сай жан-жақты, ізденімпаз білімді, білікті, бала жүрегіне жол таба білетін қабілетті болуы да шарт. Қазіргі таңда қала бойынша орта білім беру ұйымдарында жалпы 7 480 мұғалім дәріс береді екен.  Олардың 6614 жоғары білімді болса, 466 арнаулы орта білімді мұғалімдер болып табылады.  Ал, олардың ішінде педагогтардың 346 жоғары санатты, 548-і І санатты, 557-і ІІ санатты мамандар, педагог-шебер 12, педагог-зерттеуші 2172, педагог-сарапшы 1822, педагог-модератор 1433 маман. Мұғалімдерге қойылатын талаптың нәтижесі оның шәкірттерінің жетістігінен байқалатыны анық. Бұл ретте қалада өз ісінің үздігі болған, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып еңбек жолында талай белесті оқушыларымен бірге бағындырып жүрген ұстаздар жетерлік. Қайсыбір кезеңде болмасын қаладағы ұстаздар қауымы түрлі білім бәсекесінде өзі де, оқушылары да оқ бойы озып, топ жарып жүргенін жасыра алмаймыз. Бұл да болса білім саласындағы басты жетістіктің және жүйелі жұмыстың көрінісі деу артық болмас. Биыл Қызылорда қаласы бойынша 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін 55 мектепті 2 668 оқушы бітірді. Қазіргі таңда оның 2528-і яғни, 94,7 проценті мамыр айының   22-сінен бастап шілде айының 5-і аралығына дейін  Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңінде жоғары балл жинап мектеп абырой асқақтатып, өз дәрежесін биіктен көрсете білген оқушыларда баршылық. 

Ал, білімді де саналы ұрпақты қалыптастыруда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үлесі зор. Бұл ретте, бүлдіршщіндерге алғашқы тәлім көрсетіп, мектеп кезеңіне дайындықпе жіберетін балабақша ұйымдарын атап өткен жөн. Қазіргі күні қалалық білім бөліміне қарасты 248 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар екен. Оның ішінде 28 мемлекеттік балабақша болса, 214 жеке балабақша, 6 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс жасайды. Мемлекеттік балабақшаға баратын бүлдіршіндер саны бүгінде 5 мыңнан асады, ал жеке балабақша тәрбиеленушілері 17337 бала. Ата-аналардың өз таңдауы бойынша мектепке дейінгі шағын орталыққа баратын балалар саны 95 екен. Жалпы алғанда қалада  мектепке дейінгі тәлім-тәрбие орындарында тәрбиеленуші 25487 бала бар екен. Сонымен қатар, 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші қалада 100 процентті құрайды. Алдағы уақытта мектепке дейінгі тәрбие орындарына 2 жастан бастап бала қабылдау жұмысы қолға алынбақө. Бұл өз кезегінде қаладағы балабақша санының артуы мен ата-аналардың баланы ертен жастан балабақшаға беруіне қолайлы мүмкіндік болмақ. 

Балаларға тек білім алып қана қоймай, сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз болуы да заман талабына айналып отыр. Мұны жіті түсінген ата-аналарда балаларын түрлі үйірмелерге беруді қолға алған. Бір қуанарлық жайт, бүгінгі таңда балалардың шығармашылық тұрғыда дамыту мемлекеттің қолдауына ие болған. Соған сәйкес, қалада түрлі үйірме жұмыстары тегін қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда қалалық білім бөліміне қарасты мектептен тыс 5 мекемеде 5766 бала үйірмеге қатысады екен. Оның ішінде қалалық қосымша білім беру орталығы, Тасбөгет кентіндегі оқушылармен жасөспірімдер үйі, «Өнер» мектебі және №264,267 мектептер жанындағы қосымша білім беру орталықтары бар. Ал бұдан бөлек, жек үйірмелер де балаларға тегін қызмет көрсетеді. 

Тағы да оқыңыз: