Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы № 13 балалар кітапханасында «Жазғы кітап» жобасы бойынша «Денсаулық - зор байлық» атты таным сағаты өтті. Рухани іс-шара Тасбөгет кентіндегі Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп мектеп-лицейінің оқушыларының қатысуымен өткізілді.
Шара барысында «Денсаулық - зор байлық» атты кітап көрмесі қойылып, оқырмандарға кітап оқу насихатталды. Оқушылар «Ұлан» және «Қыран» атауымен екі топқа бөлінді. Кітапхананың белсенді оқырмандары Аббасова Мадина, Жұмаққызы Кәусар, Қуанышбай Рамазан, Олжасқызы Айсұлу, Мырзабек Нұртуған, Дүйсенов Азамат, Бердібеков Қайсар денсаулық - зор байлық тақырыбында бірнеше мақал - мәтелдер айтып, қойылған сұрақтарға ұтымды жауап беру арқылы шараның қызықты өтуіне үлес қосты. Бір- бірімен белсене, жарыса қатысқан оқырмандарға кітапхана тарапынан сыйлықтар берілді.
Сонымен қатар, рухани шарада № 4 қалалық емхананың дәрігерлері Балтабай Байбота Мұратқызы, Кенжеғұлова Айзат Қайратқызы, Төребекқызы Әнель «Денсаулық - зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр деп, адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ екенін айта келе, әрқашанда таза жүруді, уақытылы тамақ ішіп, денсаулығымызды күту керектігін балаларға түсіндірді. Кітапхана оқырмандары қойған сұрақтарға дәрігерлер түсінікті тілде жеткізе білді.
Мұндай шараны өткізудегі басты мақсат - кітапхана оқырмандарына адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық денсаулық екендігін түсіндіру.