Фото: университеттің баспасөз қызметі

Kyzylorda-news.kz.   Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3 ғалымы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.

Қазақстан бойынша жыл сайынғы 75 мемлекеттік ғылыми стипендияның 50 мемлекеттік ғылыми стипендиясы талантты жас ғалымдарға арналған.

Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегерлері:

Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы - «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасының зерттеуші-профессоры, химия ғылымдарының кандидаты, профессор.

Тохетова Лаура Ануарқызы - «Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.

Талантты жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендияның иегері:
Ақылбеков Нұрғали Икрамұлы - химия ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі.
 

Тағы да оқыңыз: