Kyzylorda-news.kz  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова  «Zerdeli» ақыл-ой дамыту орталығының директоры  Мәуіт Ырысбек Мәуітұлымен кездесті. 

Кездесуде Қызылорда облысы бойынша «Zerdeli» ақыл-ой дамыту орталығының қаламыздан ашылу мақсаты, орталықтың жеткен жетістіктері сөз етілді. Сонымен қатар, тараптар облыс бойынша оқушылардың білім деңгейін арттыру, студенттердің олимпиадаларға қатысуы, тәжірибеден өтуі және жұмыспен қамту мақсатында меморандумға қол қойды. 

Меморандум аясында тараптар ынтымақтастықты дамыту үшін бірлескен жобалар мен бағдарламаларды енгізіп, қоғамдық маңызды іс-шараларды бірге атқарады.

Тағы да оқыңыз: