Kyzylorda-news.kz  Қызылордалық археологтар Еуропа ғалымдарымен бірлесіп көне Жанкент қалашығынан табылған жәдігерлерді зерттеуде. Орта ғасырға жататын шаһардан тұрмыстық дүниелерден бөлек көптеген жануарлардың сүйегі табылған.

Сыр өңіріне арнайы келген Англияның Оксфорд университетінің археологы Эшли Харуда «Ұлы Жібек» жолының бойында көшпенді халықтың қалыптасуы мен урбанизациясы» тақырыбында ғылыми жобаға атсалысуда. Ағылшындық ғалымды Орта ғасырда адамдардың өмір сүру дәстүрінен бөлек, қолда ұстаған жануарлар дүниесі қызықтырып отыр. Жалпы Жанкентте мал шаруашылығынан бөлек, аңшылық, балық аулау кәсіптері жақсы дамығанын зерттеу жұмыстары көрсетіп отыр.

– Қорқыт ата университетінің шақыртуымен Қызылорда облысына келдім. Жергілікті археологтар көне Жанкент шаһарынан түйе, сиыр, жылқы мен қойдың көп сүйегін тапқан. Бұл – сол кездің өзінде мал шаруашылығынық жақсы дамығандығына дәлел бола алады. Сондай-ақ балықтың сүйектері табылып отыр. Тағы да айта кететін қызықты дерек, оғыздар үйінде мысыққа дейін ұстаған. Алдағы уақытта осы табылған көне жәдігерлер арқасында терең талдау жұмыстарын жүргізіп, қортынды шығаратын боламыз, – дейді Оксфорд университетінің археолог-палезоологы Эшли Харуда.

 

Қорлан САРЫ
Фото:inbusiness.kz

Тағы да оқыңыз: