Kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы кітапхананың бүгінгі кітап қоры – 106938 кітапты құрайды. Оның ішінде қазақ тілінде – 27553 кітап бар. Өткен жылы кітапханаға 16 жаңа кітап келіп түскен. Бұл туралы кітапхананың аға кітапханашысы Қарлығаш Сражадинова айтты.

        Өткен жылы тамыз айында кітапханаға – 282 тұрақты оқырман тіркеліп,  кітап берілімі – 5431, келушілер саны – 2121 оқырманды құраған. Кітапхана интернет желісімен (wi-fi) қамтамасыз етіліп, интернет қызметін -51 оқырман пайдаланған. Кітап қорын сандық  форматқа  көшіру жұмыстары бойынша  кітапханада 2023 жылдың тамыз  айында – 3 дана кітап сандық форматқа өткізілді. Бүгінгі күнге дейін кітап қорынан барлығы – 170 кітап электронды сандық жүйеге көшірілген.   Электронды каталогқа тамыз айында енгізілген кітап саны – 422 дана, атауы-160 дана. Жарияланған мақала саны – 152-ні құрайды. Сондай-ақ,  тамыз айында өткізілген мәдени іс-шаралар саны – 5, «Тәрбие тұғыры - имандылықта» атты имандылық сағаты  «Сөз асылы Абай әлемінде»     «Рухани жаңғыру - жастар көзімен» атты Сыр жастарының бас қосуы,  «Ел үмітін ақтаған толағайлар» атты спорттық сағаты,   «Еркіндіктің асқақ шыңы – Ата заң» атты деби дайджест шарасы өткізілді.    Сонымен қатар, «Тәрбие тұғыры - имандылықта» атты имандылық сағаты   еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге сенім бостандығы қайта оралғандай болды. Дінге жол ашылды. Бұрын атын айтуға қорқатын ата-бабаларымыздың әруағын қастерлеп емін-еркін ас беріп, торқалы тойлап, рухымыз көтеріліп жатыр. Ұлы Абай: «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек» деген екен. Осы орайда  адамгершіліктің биік мақсаттарын жастардың бойына сіңіртіп, сөзсіз атқаруды дәріптейтін имандылық қасиеттері жайлы  «Тәрбие тұғыры - имандылықта» атты имандылық сағаты өтті. «Сөз асылы Абай әлемінде» 10 тамыз – Абай Құнанбаевтың туған күніне орай ақын өлеңдерін оқу челленджі Абайды оқу, оның асыл мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізу — ортақ парыз. Осы орайда Абай Құнанбаевтың шығармаларын жас буын арасында насихаттау, ақынның қара сөздері мен өлеңдерінде айтылған асыл қасиеттерді олардың бойына сіңіру мақсатында жүйе кітапханаларында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты ақын өлеңдерін оқу челленджін жүйеге қарасты №19 кітапханадан – Қызылорда қалалық А.С.Пушкин атындағы кітапхана қабыл алды.  Абайдың  Құнанбаевтың 1886 ж. жазылған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін Кенжебаева Мақпал оқып, ОКЖ-не қарасты №1 кітапханаға жолдады. Мемлекет басшысының жыл сайын халыққа арналған жолдауында үнемі жастарды қолдап, оларға тек білім мен кәсіби маман болуға және де жастарға артқан үміті мен сенімі мол екенін айтып отырады. Осы орайда, «Рухани жаңғыру – жастар көзімен» атты тақырып аясында Сыр жастары бас қосты. Шара барысында Абылайхан  атындағы №140 орта мектебінің жастар ұйымының төрайымы Байдарбесова Салтанат Бахытбекқызы бастаған бір топ мұғалім жастар, қатысып, рухани жаңғырудың басты тетігі тарих пен өткенді жоғалтпау керек екендігі жөнінде өз ойларын ортаға салды. «Ел үмітін ақтаған толағайлар» атты спорттық сағат өткізілді. Каратэ – до спорт түрімен айналысатын, бірнеше дүркін Әлем кубогы мен Қазақстан чемпионатының жүлдегері, Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Мырзабаева Инабат Ерланқызы қатысып, жас жеткіншектер мен кездесті. Әңгіме барысында Инабат Ерланқызы бала кезінен қызыққан каратэ спорт түрі туралы, алғашқы жетістіктері туралы, жеңісті бағындырған әлем чемпионаттары туралы айтып, жас жеткеншектерді спортпен айналысуға шақырды. Оқырмандарадың сұрағына жауап бере отырып, қызықты естеліктермен бөлісті. «Спорт – денсаулық кепілі» атты кітап көрмесі бойынша кітаптар таныстырылды. 30 тамыз – Қазақстан халқы  тарихи таңдау  жасаған  ұлы бетбұрыс күні. Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы, сондай-ақ мемлекеттегі тұрақтылық пен татулықтың тұғыры. Осы мерекеге орай, «Парасат жолы» жобасы аясында  «Еркіндіктің асқақ шыңы-Ата заң» атты деби дайджест  өтті. Шараға Қызылорда облысы бойынша  мамандандырылған  күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және кітапхана оқырмандары  қатысты. Шараға арнайы «Мен және менің құқығым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кеңінен насихатталды.

        Кітапхана ұжымы әр ай сайын түрлі бағытта іс-шара өткізуді жолға қойған. Соған сәйкес жоспар бойынша тагнымдық шаралар, жиындар өткізу дәстүрге айналған. Мәселен, қыркүйек айында аталған руханият ордасы «Ел болашағы – білімде» атты кітапханалық прайм-тайм,                     «Тілім менің айбарым» атты кітап көрмесі,  «Шайырлар – Сыр елінің мақтанышы» атты әдеби дайджест,                                                          Оралхан Бөкей  «Қайдасың, қасқа құлыным? повесіне  кітап талдауы,       1 қыркүйек – Білім күніне орай  «Ел болашағы - білімде» атты кітапханалық  прайм-тайм ашық есік күні өткізген. Ашық есік күніне  ҚМУ-нің «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1-курс студенттері және де М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1-курс студенттері қатысып, кітапхана тарихымен, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен,  кітапхананың пайдалану ережелерімен танысты. Шара нәтижесі бойынша кітапханаға 6-оқырман жазылған. Сонымен қатар, «5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне» орай ,«Тілім менің айбарым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымына кеңінен насихатталды. Кітап көрмесіне қойылған А.Байтұрсынұлы «Қазақ тіл білімінің мәселелері», М.Балақаев «Қазақ тілінің мәдениеті», М.Серғалиев «Тілім менің – тінім менің», Е.Тілешов «Қазақша үйренейік»,Б.Хасанұлы «Ана тілі – ата мұра» және т.б қазақ тілі туралы жазылған әдебиеттермен  Қызылорда гуманитарлық  экономикалық колледжінің «Бастауыш мұғалімі БС -22.9» бөлімінің ІІ курс студенттері мен кітапханашы Л.А.Рабаева  және кітапхана оқырмандары танысып, қажетті ақпараттар алды. Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледж студенттерінің қатысуымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында  Омар Шораяқұлының 145 жылдығына орай  «Шайырлар – Сыр елінің мақтанышы» атты әдеби дайджест өткізді. Шараға арнайы «Мәдени мұра-халық қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға кеңінен насихатталды. Көрмедегі Сырдың бойындағы жыраулық өнер туралы, Шораяқтың Омары, тағы басқа  ақын-шайырларымыздың артында қалдырған мол мұрасы  жайлы  кітаптар оқырманның ерекше  сұранысына ие болған.

        Бұдан бөлек, әдебиет әлеміне өзіндік өрнегін ала келген жазушы, Алтайдан шыққан ақиық ақын Оралхан Бөкейдің шығармаларын насихаттау мақсатында Смағұл Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледж  студенттерінің қатысуымен  «Қайдасың, қасқа құлыным? повесіне  кітап талдауын өткізді.  Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген жазушы оқырманын өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен таңқалдырды. Қаламгер өз шығармаларында табиғат бейнесін көркем суреттеумен қатар, кейіпкерлердің де ішкі жан-дүниесін сол табиғатпен байланыстыра суреттеп отырған. Суреткердің “Қайдасың, қасқа құлыным” атты повесі де туған жерінің ауыл тіршілігін суреттелуімен бастау алып, әкеге деген сағынышты арқау етеді.  Кітап талдау барысында, оқырмандар әкенің көпті көрген әңгімелерін сөз етті.

        Ал қазан айында 1 қазан – қарттар күніне орай «Мейірімділік жүректен» атты  іс-шара, «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында кездесу, "Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің «Райхан»  әңгімесіне кітап талдауы, Буккроссинг жобасы аясында «Буккроссинг-бірге оқимыз» кітап фримаркеті, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  «Қамар сұлу» романы бойынша оқырмандар конференциясы, «Жырым сенсің, туған жер» атты әдеби сайыс өткізілген. 1 қазан – халықаралық қарттар күніне орай жастарымыздың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, мейірімді, төзімді  тұлға тәрбиелеу  мақсатында «Мейірімділік жүректен» атты іс-шара ұйымдастырылды. Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әженің  ақылымен берілген. Осы орайда, кітапханамыздың ардагер оқырманы Кемелова Райкүл апай жастармен жүздесіп, өнегелі өмір жолының қиындығы мен қуанышы бірге өткен ғұмыры жайлы әңгімелеп берді.Шара соңында  ардагер апайымызды келе жатқан мерекемен құттықтап, ұжымның атынан сый-сияпат көрсетілді. Жастардың діни сауаттылығын арттыру, рухани тұрғыда байыту, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпымызды жастар санасына сіңіру, дәстүрлі емес бағыттағы ағымдардан сақтандыру мақсатында, жүйеге қарасты «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында кеш қонақтары Ұлытау облысы «Діндерді зерттеу орталығы» КММ директоры Қанапия Жадыра Манатқызы және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Аяғанова Алмагүл Жанаділқызы әлеуметтік желідегі діни ақпаратты алу, пайдасы мен зияны туралы, діни кітаптарды, жалпы діни білімді алу туралы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің «Райхан» әңгімесіне кітап талдауы өткізілді. Өткен жылы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің  шығармалары оқуға ұсынылды. Осы орайда,  қаламгердің  «Райхан» деп аталған тырнақалды әңгімесіне кітап талдауы өтті. Жас жазушылардың «Таңғы шық» жинағында жарияланған бұл әңгімесі жарық көргенде, жазушы небәрі жиырма жаста екен. Кітап талдау барысында оқырмандар, мөлдір лиризмге толы әңгіменің басты  кейіпкері Ғазизге ерекше тоқталды. Өйткені, оқиға бірінші жақпен баяндалады. Кейіпкердің жан әлеміне терең үңіліп, адамгершілік асыл қасиеттерін мейлінше ашып көрсетуге ұмтылған автордың ойын, оқырмандар  көптегенсұрақтар  төңірегінде ортаға салып, өз-ойларымен бөлісті. «Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент  бола бастадым деп санауына болады»-деген  екен ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов Кітапхана оқырмандары арасында  кітап оқуды насихаттау, жастардың  кітап оқуға деген  қызығушылығын арттыру мақсатында, «Буккроссинг» жобасы аясында «Буккроссинг-бірге оқимыз» атты кітап фримаркеті өтті. Шараға кітапханамызға жақын ораласқан оқу орнындарының жастары қатысып, өздерінің сүйіп оқыған кітабын басқа да оқырмандармен бөлісіп, оларға да түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға мүмкіндік берді. Шара нәтижесінде кітапханаға  жаңадан 8 оқырман жазылды. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің  маңызды бөлшегі  болып табылады. Осы орайда, 24 қазан күні қаламгердің өмірі  мен шығармаларын оқырман жастарға кеңінен насихаттау мақсатында Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледж студенттерінің қатысуымен  «Қамар сұлу» романы бойынша оқырмандар конференциясын өткізді. Шара барысында қатысушы жастарымыз «Қамар сұлу» романының кейіпкерлеріне,  романдағы көтерілген мәселелерге ерекше тоқталып , оқиға желісіндегі әйел тағдырын  көрсетуге құрылғанмен, соған байланысты қазақ қоғамын, тіршілігін терең бейнелегені жайлы өз ойларын ортаға салды. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай  «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы мен бірлесе ұйымдастыруымен  «Жырым сенсің, туған жер» атты әдеби сайыс өтті.    Әдеби сайыс екі кезең бойынша өткізіліп, бірінші кезеңінде Туған жерге, Сыр еліне, Қызылорда қаласына  арналған өлеңдер оқыса, ал екінші кезеңде   сайысқа қатысушылар  қалаған  тақырыбы бойынша, яғни еркін тақырыпта өлеңдер оқыды. Екі кезең бойынша  қазылар алқасы өлеңнің мағынасына, оқу шеберлігіне, мәнерлеп жатқа оқуына, тақырыптың ашылуы мен мазмұнына баса назар аударды. Әдеби сайысқа «Әлімсақ» журналының бас редакторы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Көбегенұлы, «Қызмет» салалық облыстық  кәсіподағының   төрайымы Тұрсынбаева Сауле Сахиқызы, орталықтандырылған  кітапханалар жүйесінің әдіскері Асқарова Сауле Кеңесбекқызы  төрелік жасады. Сайыскерлер лайықты деп танылып ақшалай сыйлыққа ие болды. Сайысқа қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

        Кітапхана ұжымы қараша айында «Өмір жолы  өнеге» атты ауызша журнал, «Тарихы мол төл теңгем» атты  ақпараттық дайджест, «Сыр перзенті» атты Қ.Мұхамеджановқа арналған танымдық кеш, «Мерзімді басылым жаңалық жаршысы» ақпарат сағаты, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акция аясында «Зорлық-зомбылық-қоғам қасіреті» атты дөңгелек үстел, «Ақпарат айдыныдағы қос басылым» атты ашық есік күні, Темір  Камаловтің туғанына 125 жыл  толуына орай «Өмір жолы  өнеге» атты ауызша журнал Алаштың ардақты  азаматтарының бірі, Сыр перзенті, белгілі  қоғам қайраткері  Темір Камаловтың туғанына 125 жыл толуына орай, «Өмір жолы  өнеге» атты ауызша журнал өтті. Шараға Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжінің бастауыш білім беру мамандығының студенттері қатысып, Қазақстанның қоғамдық саяси тарихында лайықты орын алған, қазақ руханиятының жарық жұлдызы, Темір Камаловтың өмірбаяны жайлы толық ақпарат алды. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Айтуғанқызы Ақбота Шырмағанбетова сталиндік қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны болған Те­мір Камаловты Сыр елі  ешқашан ұмыт­пайтынын, қазір қа­лада оның есімімен ата­­­ла­тын көшенің  бой түзе­генін айтып өтті. Шарадан жастарымыз орамды ойға жетелейтін, өткен тарихты еске түсіретін деректерден толық ақпарат алып, жақсы әсермен тарады. Қазақстан Республикасы  Тұңғыш Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні Тәуелсіз ҚР төл валютасы айналымға енген күнін «Ұлттық валюта күні» деп жариялады. Осы орайда, Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледж студентерінің қатысуымен «Тарихы мол төл теңгем»  атты ақпараттық  дайджест өткізді. Шара барысында ұйымдастырылған кітап көрмесінен  жастар валюталық қарым-қатынастарды нығайтудағы теңгенің қызметі, тарихы, қолданыстағы маңызы, ақшаның мәні және атқаратын қызметі туралы мәліметтермен танысып, толық ақпарат алды. 26 қараша халықаралық ақпарат күні. Бұл мереке халықаралық  ақпараттандыру ұйымының шешімімен 1994 жылдан бастап, жыл сайын тойланады. Халықаралық ақпараттандыру  ұйымы БҰҰ мен Дүниежүзілік ақпараттық парламенттің ықпалымен біріге отырып жұмыс жасайды. Мереке әлем елдерінің бәрінде тойланады. Осы айтулы күнге орай, Абылайхан атындағы жоғары колледж студенттері мен оқытушыларының және кітапхана оқырмандарының қатысуымен ақпарат сағаты өтті. «Мерзімді басылым жаңалық жаршысы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, Республикалық және жергілікті оқу әлеміне жолдама ретінде қызмет ететін, түрлі-түсті  және қызықты  танымал журналдар кітапхана оқырмандарына  таныстырылды.

     Қоғамдағы  зорлық-зомбылықтың жолын кесуде халықты сауаттандыру, жәбірленушілерге ақпараттық көмек көрсету, азаматтардың  полицияға деген сенімін нығайту мақсатында былтыр 25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» атты республикалық акция аясында, «Зорлық-зомбылық – қоғам қасіреті» атты дөңгелек  үстел өтті. Шараға Қызылорда қалалық полиция басқармасы  жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді  зорлық-зомбылықтан қорғау тобы аға инспекторы полиция капитаны Ерболат Айгерім және Қызылорда облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-нің қызметкерлері қатысты. Шара барысында қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі  отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар, жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылық төңірегінде пікірлер айтылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар «Әрбір Қазақстан азаматының өз өміріне, жақындарына жауаптылықпен қарау – адамзаттық борышымыз» деген бір-біріне жылы ойларын айтып, адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін өз үлестерін қосатындығын айтып, шараны қортындылады.

Бұдн бөлек 30 қараша - Халықаралық ақпаратты қорғау күні. Білім мен ғылым ғасыры атанған ХХІ ғасырдағы қоғамдық өзгерістер, ашық ақпараттық кеңістікке өту, қоғамның ақпараттануы, өркениеттік деңгейге көтерілуі, кітапханалардан жаңа бағыттағы жұмысты талап етеді Осы айтулы күнге орай, «Ақпарат  айдыныдағы қос басылым» атты ашық есік күні өтті. Шараға «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты директоры Бауыржан Елеусінов, «Абылайхан» атындағы №140 орта мектеп директорының орынбасары Бақытжан Жақсылық, «Сыр Медиа»ЖШС директорының орынбасары Айжан Абдуллаева қатысып, оқырман жүрегіне жол тартқан басылымдар жайлы  айтып, шараға қатысушылар өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салды.  

        Желтоқсан айында кітапхана қызметкерлері 3 желтоқсан - Халықаралық  мүгедектер күніне орай  «Өмірге құштар жандар» атты қолөнер шеберлерімен кездесу, 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тұрақтылық –тәуелсіздік тұғыры » атты әдеби дайджест, «Тәуелсіздік-алтын қазынам» көрме панорама өткізді. 3 желтоқсан - Халықаралық  мүгедектер күніне орай  «Қамқорлық» бағдарламасы  аясында «Өмірге құштар жандар»  атты мүгедектігі бар азаматшалар арасында қолөнер шеберлерімен кездесу өтті. Шараға Мүгедектерге арналған оңалту орталығының арбадағы  пара биші, көптеген арбадағы пара бидің жеңімпазы, қөлөнерші  Айбергенова Айша және әнші, қолөнерші  Ахметова Ғалия қатысып, өздерінің  өнер арқылы өмірдің  қыр-сырын танып, өзін- өзі бағалап, «Шебер қолдар» деген атқа лайықты бола білгені жайлы айтып, өз өнерлерін көрсетті. Мұнан бөлек, жүріп-тұруы қиын, арбаға таңылған жандардың қолынан шыққан керемет дүниелерді  көрсетті. Еңбектерін көпке үлгі етіп, оны дәріптеу мақсатында, аталған орталық жыл басынан бері  мәдениет, спорт, денсаулық, тағы да басқа сала қызметкерлерінің  қатысуымен, еңбектерін көпке үлгі етіп, оны дәріптеу мақсатында  іс-шаралар өткізіп жатқаны жайлы сөз етті. Кітапхана қызметкерлері өмірге құштар аяулы жандарға ізгі ниетімен тілегін білдіріп, сый-сияпат табыстады.          16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тұрақтылық –тәуелсіздік тұғыры » атты әдеби дайджест өтті. Шараға арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесінде еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы жазылған  еңбектер және де ел тәуелсіздігінің берік тұғыры-ұлттық идея туралы баспадан  шыққан әдебиеттер мен публицистикалық туындылар қойылды. Қазақтың асыл перзенттері, кең- байтақ еліне адалдығымен өшпес өнегелі із қалдырған біртуар азаматтары, қоғам қайраткерлерінің өмір өткелдерін сомдаған жаңа әдебиеттер оқырманның сұранысына ерекше ие болды.  Болатбек Төлепбергеннің «Қасиеттім-Желтоқсан!», «Ұлттық идея-Тәуелсіздік тұғыры»,  Дүкен Мәсімханұлының «Азаттығым мен қазақтығым», Айгүл Ісімақованың «Тәуелсіздік кезіндегі әдебиеттану»,  Асқарбек Бектемісовтің «Тәуелсіздік тартуы», Болат Үсенбаевтің «Тәуелсіздік деген не?»/Өлеңдер мен ертегілер/, т.б. халқымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен қол жеткен жетістіктерін баяндайтын  әдебиеттер қойылып, кеңінен насихатталды.  16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-алтын қазынам» атты кең көлемді көрме панораманы, кітап сүйер қауымға және желі пайдаланушылар назарына ұсынылды.

– Көрмеде ұсынылған барлық материалдар кітаптар, фотосуреттер, мерзімді басылымдардан алынған ақпарат Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы алдындағы қайғылы оқиғалар және желтоқсан оқиғасы туралы баяндайды. Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы жазылған  еңбектер мен тәуелсіздік жылдарында баспадан  шыққан әдебиеттер және қарымды қаламгерлердің қаламынан шыққан жаңа  туындылар мен әсерлі эсселер қамтылды. Кең- байтақ еліне адалдығымен өшпес өнегелі із қалдырған, қазақтың асыл перзенттері, біртуар азаматтары, қоғам қайраткерлерінің өмір өткелдерін сомдаған жаңа әдебиеттер оқырмандарға ұсынылды. Халқымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен қол жеткен жетістіктерін баяндайтын әдебиеттер қойылып, желі пайдаланушылар назарына ұсынылды. Бұл әдебиеттеріміз халқымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен қол жеткен жетістіктерін баяндайды  және де жастарымызды өз елінің патриоты болуына шақырады, – дейді А.С.Пушкин атындағы кітапхананың аға кітапханашы Қарлығаш Сражадинова. 

Фото: freepik.com

Тағы да оқыңыз: