Kyzylorda-news.kz. «Сыр еркесі» бөбекжай бақшасында облыстық оқу орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Жазғы сауықтыру-шынықтыру кезеңін ұйымдастыру:  балалардың зерттеу іс-әрекеттері, еңбекке баулу, зияткерлік дағдыларды дамыту» тақырыбында тәжірибе алаңы өткізілді. Шараға облыс орталығы мен аудандардан келген мектепке дейінгі ұйым мамандары қатысты. 

Тәжірибе алаңында облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Батырбекқызы  ашып, жазғы-сауықтыру-шынықтыру кезеңінің тиімді әрі қызықты ұйымдастыру жолдарын атап өтті. Сонымен қатар,  бағдарламаға сәйкес, қатысушыларды тәдірибе алаңынан алары мол болатынына сенім білдірді.

Шарада балабақша би жетекшісі Н.Садуақасованың  «Кел бірге билейік!» тақырыбында дайындалған «Чикки, ча-ча, бум-бум» кейіпкерлерімен бірге балабақша бүлдіршіндері де би биледі. Сондай-ақ, жазғы-сауықтыру шараларын ұйымдастыру бойынша балабақша ауласында балабақша тәрбиешілері  Қ.Нысанханованың  «Бәріміз бірге ойнайық!» тақырыбында еркін қимылды ойындарын, Н.Әбжалиеваның «Көкөністер сиқыры» тақырыбында зерттеу жұмыстарын,  Т.Шәріпбектің «Ойын арқылы ұлттық құндылықтарды дамыту» тақырыбында ұлттық ойындарын,  А.Дүйсенбаеваның «Бояулар сыр шертеді» тақырыбында заманауи сурет салу әдістерін, Л.Жиеналиева мен У.Күзембаевалардың  «Еңбекқор жәндіктер» тақырыбында шығармашылық  жұмыстары көрсетілді. 

Бұдан бөлек, балабақшадағы арнайы бұрыштармен жабдықталған «Жасыл алаң» зерттеу орталығындағы жұмыстарды көріп, экскурсия жасалды. Жалпы тәжіорибе алаңында тәрбие саласындағы мамандар қажетті танымдық дүниелер көрсетіліп, ақпарат берілді. Мәселен, балабақша тәрбиешілері Г.Құдайбергенова «Бестемше» ойынын  ойнау жолдарын, Н.Сейдаханова «Сюжеттік-рөлдік» ойындарды,  Ж.Қалымбетова  кіші топ бүлдіршіндермен «Бау бақшадағы гүлдер» тақырыбында  еңбекке баулуды ойын арқылы көрсетті. Ал, психолог А. Әлімбаева, логопед Е.Аружан, дефектолог Ж.Жалғастың «Барлығы балақай сен үшін!»тақырыбында ерекше  білімді қажет ететін балалармен  бірге ойындарды ойната отырып жұмыс түрлерін көрсетсе, денешынықтыру нұсқаушысы А.Тоғысбаева «Жазғы спартакиада» тақырыбында мектепалды топтармен командалық жарыс ұйымдастырды. Балалардың  танымдық-зияткерлік дағдыларын дамыту мақсатында балабақша тәрбиешісі Л.Тұрабаева «Білім бәйгесі» тақырыбында сайыс ұйымдастырды. Музыка жетекшісі «Ән шырқаймыз,  бәріміз» атты ата-аналар челленджін  көрсетсе,  балабақша  тәрбиешілері А.Жұманова, С.Джульмаханова, А.Анесова, А.Қалыбекова, М.Өмірбайлар балабақша қызметіне қажетті үздік лайфхактарымен бөлісті. 

Сонымен бірге, балабақша әдіскері М.Ілиясова «Жазғы сауықтыру-шынықтыру жоспары-2023» презентациясымен таныстырса, облыстық оқу орталығының «Мектепке дейінгі білім беру» бөлімінің меңгерушісі Жұлдызай Сатыбалдықызы жазғы демалысты ұйымдастыру талаптары бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. 

Шараны Гүлнар Батырбекқызы қорытындылап, қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, шығармашылықпен жұмыс көрсеткен балабақша педагогтары оқу орталығының сертификатымен марапатталды. 

Сондай-ақ, оқу орталығының жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Ән шырқаймыз бәріміз!» және «Мен үлкендерге көмектесемін» облыстық челленджінің жеңімпаздары марапатталды. 

Тағы да оқыңыз: