Kyzylorda-news.kz. Астана қаласында өткен «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2023» аясында мектеп кəсіпкерлігінің IV Республикалық чемпионатына Қызылорда қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы №222  мектеп командасы қатысты. 

Құрамында 10 «Ә» сынып оқушысы, команда капитаны Ертай Жансезім, вице-капитан Жібек Бақбергенова, RP-менеджер Бегімсал Ақсүйрік, НR-менеджер Кенжалы Ғазиз жетекшілері эдвайзер Ержан Кенжеевпен жоғары жетістікке жетті. Олар бұл жарыста жартылай финалға шықты.

Еліміздің барлық өңіріндегі НЗШ және БИЛ мектептерінен 70-ке жуық команда қатысқан сайыста жартылай финалға шығу орта мектеп үшін жоғары жетістік. 

«Бұл сайыс біз үшін тәжірибе алаңы болғанын, қорғаған жобаларын көптеген шетелден келген бірнеше қазылар алқасының жоғары бағалады. Одан бөлек басқа қалалардан келген командалардың мықты екенін де мойындаймыз. Ал бұл сайыс кәсіпкерлік бағыттағы кез келген жобаны қорғауда кәсіби мүмкіндігіміздің бар екенін бағамдап берді. Келесі жылы да мықты дайындықпен қатысуға бел буып отырмыз», - дейді сайысқа қатысушы оқушылар.

«Оқушылар берілген тапсырмаларға барлық күш жігерлерін салды, өз мүмкіндіктерін аяған жоқ. Тақырыбымыз да казіргі заманға өте қажетті және маңызды еді. Оқушыларыммен бірігіп Қарауылтөбе ауылында көп тәжірибелік экперименттер жасадық. Бұл эксперименттер оқушылардың жоба қорғауда әр қойылған сұраққа оңай жауап беруіне мүмкіндік сыйлады», - дейді команда жетекшісі, физика пәнінің мұғалімі Ержан Сұлтанбекұлы.

Ал Қызылорда қалалық №222 мектеп ұжымы Ержан Сұлтанбекұлы мен оның шәкірттерін бұл жетістіктерімен құттықтап, келесі жылғы сайысқа сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз: