Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылы Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінде көптеген игі істер қолға алынған. Солардың бірі - мектептің өз бюджеті есебінен үнемделген 26,0 миллион теңге қаражатқа салынған барлық стандартқа сай футбол және баскетбол алаңының ашылуы. Мектеп базасының толығып, жаңа алаңдардың ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Спорт нысанының ашылу салтанатына кент әкімі Семсер Сыздықов арнайы қатысып, өз құттықтауын жеткізді. 

«Бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Біз осы бағытта кент көлемінде ауқымды жұмыстар атқарудамыз. Соңғы жылдарда бірнеше спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңдары пайдалануға берілді. Соңғы үлгідегі спорт алаңдары өскін ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, тәнін шынықтыратын орынға айналады деп сенеміз», - деді Тасбөгет кентінің әкімі.

Еске сала кететін жайт, 2023 жылы 6,2 миллион теңгеге оқу орнының айналасы темірмен қоршалып, ауласына брусчатка төселген болатын. Сонымен қатар, мектеп кітапханасының сөрелері жаңартылып, жаңа жиһаздар қойылды. Технология кабинеті заман талабына сай 5 түрлі станоктармен, жаңа тігін машиналарымен, асхана жиһаздарымен жабдықталған болатын. Бұған қоса оқушылар қажетіне «LED» экран мен компьютер жабдықтары алынды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкердің демеушілігі есебінен 3,0 миллион теңгеге мектептің асханасына қажетті жаңа заттар алынып, еденіне толықтай кафель төселді. Мектептің электр желілері толығымен жаңартылып, сигнализация жүйесі толық ауыстырылды.

Тағы да оқыңыз: