Kyzylorda-news.kz. 15 қарашасында республика көлеміндегі барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бір мезгілде «Жұмыс беруші күні» аталып өтілуде.

Осы орайда Қызылорда облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Жұмыс беруші күні» ұйымдастырылды.

Мақсаты - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру және жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау.

Тұжырымдама аясында жұмыс берушілер күні 3 бағыт бойынша жүргізілді. Олар:

Академиялық дербестік шеңберінде жұмыс берушілермен өзара іс-әрекет;

 Дуалды оқыту жүйесіндегі жұмыс берушімен өзара әрекеттесу;

 Кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығы шеңберінде жұмыс берушімен өзара іс-қимыл жасау.

Жұмысқа орналасудың, кәсіби құзыретті маман даярлаудың оңтайлы жолы – жұмыс беруші кәсіпорындармен, мекемелермен ынтымақтастық меморандумын жасау.

Осы орайда колледж директоры Бахытхан Әбдікәрімов пен «РЦКУ - Қызылорда» Қызылорда коммуналдық қызмет көрсетуді есептеу орталығы» жеке шаруашылық серіктестігінің директоры Асланбек Қалменов және «ҚазСушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының директоры Роллан Ахметов арасында меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар тағыда 6 мекемемен оқу орындары арасында меморандум жасалды.

Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен 8 мекеме өкілі, облыс әкімдігінің Алғысымен-11 мекеме өкілі, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы марапатымен -10 мекеме өкілі,колледж директорының марапатымен 7 мекеме өкілі марапатталды.

315775239_1271686993613464_8806025163826125588_n.jpg
315862877_1271686913613472_4854848786854057070_n.jpg
315738308_1271689820279848_5248548354110222016_n.jpg
315722275_1271689776946519_11249069297454223_n.jpg
315670293_1271687083613455_1647074049075332760_n.jpg

Тағы да оқыңыз: