Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Нәлқожа Ергешбаев атындағы №172 орта мектепте жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында 8-11 сыныптар арасында ашық пікір алаңы өткізілді.

Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысының филиал директор, педагог Ш.Жұмабекұлы мен балалар психологы Ж.Баянова, Қызылорда облысының дін істер басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының психолог маманы Қ.Қойшыбаева, Қызылорда қалалық полиция басқармасы ювенальды полиция бөлімшесінің ниспекторы полиция капитаны А.Абрахманова, ата-аналар комитетінің төрағасы А.Күнғабылов, мектеп директоры  М.Байдилдаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Құрманова, педагог-психолог З.Сисенбаева, әлеуметтік педагог А.Жанетова қатысты.
«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысының филиал директоры, педагог Ш.Жұмабекұлы мен балалар психологы Ж.Баянова, 8-11 сыныптың ұл балаларына «Атом-молекула» әдісі арқылы оқушыларды екіден, үштен, төрттен жұптастырып,сұрақтар қойды. Балалар психологы Ж.Баянова қыз балаларға «Су бұрқақ» әдісін пайдаланып, ер балаларға қошемет көрсету арқылы көңіл күйлерін көтерді. Кездесу барысында оқушылар,психолог Ж.Баяновадан жасөспірім шақтағы 4 қауіп түрі туралы ақпарат алды. Ол өз сөзінде депрессия, суицидалды ой, түрлі тәуелділік, криминальды топтарға қосылып кетудің себептері мен салдары, көмек алуға болатынын, досыңа көмектесу үшін тек байқау және тиісті маманға бағыттау дағдысының жеткілікті екенін алға тартты. Сонымен қатар оқушылар буллинг, кибербуллинг яғни "Интернет-буллинг" туралы ақпарат беріп, қорғану жолдарын баяндады сәлемдесіп, оқушыларды серпілтіп алды. Оқушылармен жақсы қарым-қатынаста бола отырып түрлі ойындар арқылы баланың ішкі жан дүниесіне үңіле білді. Оқушылар түрлі сұрақтар қойып, сұрақтар арқылы жауап ала білді. Алдағы уақытта оқушылармен тығыз байланыста жұмыс жүргізетіндіктері туралы атап өтті.

Қызылорда облысының дін істер басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының психолог маманы Қ.Қойшыбаева қазіргі уақытта жастардың жат дінге немесе діни ағымның соңына ермеуіне, ғаламтордағы алдаушылыққа еру, ақша ұсыну мақсатында, еліктеушілік, сенгіштік және кез келген сайттарға тіркелуге болмайтындығы, мысалы әр адамның нөмірі тіркелулі кез келген сайттардан материалдар оқыған кезде абайлауымыз керек сияқты мәселелерді  қатаң назарда ұстауымыз керектігін ескертті.

Ата-аналар комитетінің төрағасы А.Күнғабылов Тасбөгет кентіндегі ерікті жастардың көшбасшысы ретінде жасөспірімдерді қолдап, түрлі іс-шаралар мен қайырымдылық істерге белсене араласуына ықпал жасап жүргендігін және осы аталған шараға мектептен де оқушылардың үнемі қатысып отыратындығын айтты. Оқушыларға өзінің осы мектептің түлегі, ата-анасы және ата-аналар комитетінің төрағасы ретінде таныстырып өтті. Қазіргі таңдағы  орын алып жатқан   құқық бұзушылыққа байланысты  алдағы уақытта мұндай келеңсіз оқиғалардың қайталанбауын, қай кезде де бала қауіпсіздігі басты назарда болатынын айтты.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювенальды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны А.Абрахманова кәмелеттік жасқа толмағандар арасында жасалған іс-әрекеттері қоғамға қарама-қарсы болса онда олар қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылатындығы туралы айтты. Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандардың беймезгіл уақытта көшеде бос жүрмеу керектігін де атап өтті. ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 1-2-3 бөлімдері, 434 бап, 437 бап, 440 бап пен 127 баптардың түсіндірмесін оқушыларға жеткізді.

Мектеп директоры Мария Шынәліқызы болашақ кемелді жастардың  қолында екендігін атап айтып, іс-шараға келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Оқушылардан іс-шара соңында кері байланыс алынып, өздерінің алған әсерлерін ортаға салып ой бөлісуге шақырды.

Тағы да оқыңыз: