Kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Діні қуатты елдің, іргетасы берік» атты имандылық сағаты өткізілді.

 Іс-шараның мақсаты: оқырмандардың ислам діні мен имандылық туралы түсініктерін кеңейту, діни тәрбие берумен қатар бір, олардың ойлау қабілеттерін шыңдау, жастарды тазалыққа, адалдыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке, ізгілікке, адамгершілік және ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Жастарға діннің қоғам мен адам өміріндегі алар ерекше орны туралы айтылып, жастар өздерінің дін туралы жалпы түсініктерін ортаға салды. Дін адам мен адамды, қоғамды біріктіруші күш десек қателеспейміз. 

Қандай қоғам болса да дін мәнін жоғалтқан жоқ. Имандылық сағатында кітапханашы Төлендиева Данагүл жастарымыздың адамзаттық болмыстағы, әсіресе, дін саласы сияқты нәзік саладағы құнды бағдарларын білу өте маңызды және де діни тәрбиені отбасыдан беру, балаларды кішкентай кезінен қазақ руханиятының имани-мәдени және ділдік негіздерінің бірі жыр-дастандар мен мақал-мәтелдерді оқыту арқылы иман жүзді, инабатты, өз Отанына адал ұрпақ өсетіні туралы айтып өтіп, жастарды елжандылыққа шақырды.

Тағы да оқыңыз: