Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық «Үздік сынып жетекші – 2022» және «Үздік тәлімгер – 2022» байқауы өтті. 

Байқаудың мақсаты мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына, шығармашылық зертханасын айқындауға, оқушыларға білім берудегі өзгерістерді еркін меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісін жандандыру және шығармашыл жетекшілерді анықтау үшін бұл сайыс жыл сайын ұйымдастырылып отырады.

Байқаудың мақсаты – мұғалімдер тәлімгерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасау, тәжірибе алмасу және педагог мамандығының беделін арттыру. Байқауға қатысушылар атқарылған жұмыстарын және жоспарлары туралы видеоролик дайындады. Сонымен қатар, арнайы өздерінің тәжірибесімен бөлісіп жоба қорғады.

Байқаудың барлық ереже-талаптарын орындап, жұмыстарын нақты, түсінікті, нағыз сынып жетекшісіне тән әдістемелік тілмен баяндаған ұстаздарды жүлделі орындар мен номинациялармен әділқазылар алқасы марапаттады. 

Байқаудын қорытындысы бойынша бас жүлдеге «Үздік сынып жетекші – 2022» №176 орта мектебінің мұғалімі Ақмарал Турспенбетова лайық деп танылылып, облыстық кезеңге жолдама алған еді. Ақмарал Турспенбетова бүгін облыстық кезеңде І орын иеленді. 

«Үздік тәлімгер – 2022»  байқауында І орынды М.Шоқай атындағы №187 ІТ-мектеп-лицейінің тәлімгері Нұржанат Жаңабай жеңіп алған болатын. Нұржанат Жаңабай бүгін облыстық кезеңде «Жаңашыл тәлімгер» номинациясымен марапатталды. 

311592009_1226150224779750_5754126408821385454_n.jpg

Тағы да оқыңыз: