Kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер, филология ғылымдарының докторы, Казақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері, ұлы ғұлама Әлкей Марғұланның 120 жылдығына орай, Абылайхан атындағы №140 орта мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлы даланың, ұлы есімі» атты портрет кеші өткізілді.

Шараға арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесінде академик Әлкей Марғұланның ғылыми және қоғамдық қызметтері туралы, сонымен қатар ғылымның әр саласының ерекшеліктері туралы қазақ басылымдарына, соның ішінде балаларға арналған журналдарға жарияланған мақалалары қойылып таныстырылды. Шара барысында оқырмандар ғалымның өздері оқыған еңбектері туралы айтып, қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалардың жарық көргені туралы мәліметтерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ аталған білім ошағының тарих пәнінің мұғалімі Жаңабергенова Жанар Сейдуаліқызы Ә.Марғұланның қазақ мәдениеті мен өнеріне қосқан өлшеусіз үлес туралы және де ұлы дала академигінің ісі мен қызметі жас ұрпаққа әрдайым өнеге болады деп шараны қорытындылады.

Тағы да оқыңыз: