Kyzylorda-news.kz 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай, жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханасы С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледж студенттерінің қатысуымен «Қазақстан-бар ұлысқа шаңырақ» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Шараға арнайы «Ұлт бірлігі - ұлы байлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Молдасанова Гүлзия библиографиялық шолу жасады. Шолу барысында шараға қатысушыларға бүгінгі көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығы жайлы, сонымен қатар Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достық туралы, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, ұлттар достығының беріктігі туралы айтып, оқырмандарды көрмемен жақынырақ танысуға шақырды.

Колледж студенттері Минасарқызы Меруерт, Кучкорбаев Шахобиддин, Адилсултан Арина сөз кезегін алып, достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналған Қазақ елі туралы мерекелік шараға арнаған өлең шумақтарын мәнерлеп айтып берді. Лед экраннан 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған деректі фильмді бірге тамашаладық.

Бүгінгі шараның да мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, бүгінгіміз бен келешегімізді жалғайтын жас ұрпаққа достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Тағы да оқыңыз: