Kyzylorda-news.kz. Облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің бірлескен шешіміне сәйкес, аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының 2022-2023 оқу жылының күнтізбелік жоспары бойынша алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері арасында «Үздік жас маман» байқауы өтті.

Байқаудың салтанатты ашылу рәсімін орталық директорының орынбасары Ерғали Алпысбаев ашып қазіргі таңда білім беру ұйымдарында АӘТД пәнінің ролі мен білім алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технологилық әдіс тәсілдерді қолдануды ұсынды.

Байқауға әр аудан және Қызылорда қаласынан іріктелген 30 жасқа дейінгі бес алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің  мұғалімдері қатысты.

Жас мамандар өзін-өзі таныстыру, панорамалық сабақтар шеруі, идеялар шеруі, портфолио төрт кезең бойынша өтті.

Байқау қортындысымен І орын «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған сыныптары бар мектептің мұғалімі Айболат Ерназаровқа бұйырды. ІІ орынды Арал ауданы № 64 мектептің мұғалімі Мұхтар Зейнуллаевалды.  Ал,  ІІІ орынды Шиелі ауданы А.Қыраубаев атындағы № 40 орта мектептің мұғалімі Пернебек Рахымжан иемденді.

Жеңімпаз командаларды облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Алмат Жакипов құттықтап облыстық білім басқармасының және білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен марапаттады.

670dbc88-4034-4d26-a711-7ed789e3ceea.jpg

 

Тағы да оқыңыз: