Kyzylorda-news.kz «Жас экскурсовод» жобасы жастар арасында туған жердің төл тарихын тануға, ұлттық құндылықтарын ұлықтауға, көпшілік алдында өзін көрсету мен шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Дүйсенбі күні, Қызылорда қаласының тарихи музейінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері арасында «Жас экскурсовод» жобасы ағылшын тілінде ұйымдастырылды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, шетел тілдері және аударма кафедрасының оқытушысы Ізтілеуова Жанна Бақытжанқызы жетекшілік танытып, өз үлесін қосты.
Жобаны тамашалауға «ORDA» жоғарғы колледжі мемлекеттік емес білім беру мекемесінің студенттері қатысты. Кезекті жобаның ең үздік экскурсоводын, яғни жеңімпазды анықтауға, № 43 мектебінің ағылшын пәнінің мұғалімі Махмудова Нұрила Абзалқызы, № 140 қазақ орта мектебінің ағылшын пәнінің мұғалімі Айтхожаева Айжан Абдукаповна, №3 IT мектеп-лицейінің ағылшын пәнінің мұғалімі Жамалбекова Нұргүл Жүсіпханқызы, сонымен қатар қала тарихы музейі қызметкері, экскурсовод Алтын Сәдірқызы ат салысты.
Жоба қорытындысымен І дәрежелі дипломсмен Ерпайыс Меруерт Ерболатқызы, II дәрежелі дипломмен Хангелді Ақыл Хангелдіұлы, III дәрежлі дипломмен Пернебай Асылзат Азатқызы, Бітімбаева Алина Алтынбекқызына бұйырса, Тұрғанбай Анар Ерболатқызы, Хакимулина Ксения Евгеньевна «Қызықты экскурсия» номинациясымен марапатталды.
Жобаның мақсаты – шарада белсенділік танытып, өз оқу орнының намысын ту еткен үздік студенттерді марапаттау, мәдени өміріне араласып, қол жеткізген жетістіктерін өзгелерге үлгі ету. Шара соңында тәлімгерлер және студенттер өздерінің жылы лебіздерін айтып, музей қызметкерлеріне ризашылығын білдірді