Kyzylorda-news.kz 5 маусым күні Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебінде Қызылорда облыстық “Славяне” этномәдени орталығының ұйымдастыруымен мазмұнды іс-шара өтті. 6 маусым – ақын Александр Сергеевич Пушкиннің туған күнімен қатар, Халықаралық орыс тілі күні ретінде де кеңінен аталып өтуде.

Шараның алғы сөзін “Славяне” орталығының төрағасы Галина Щербакова бастап, барлық қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, орталықтың жұмысына, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында жүзеге асырылған игі істерге тоқталды.

Оқушылар үшін арнайы А.С.Пушкиннің ертегілерінен бейнероликтер мен мультфильмдер көрсетіліп, бүлдіршіндердің таным көкжиегін кеңейтетін қызықты әрі тәрбиелік маңызы зор дүниелер ұсынылды.

Кеш мазмұны ұлы ақынның шығармашылығындағы неміс мәдениетінің ықпалына арналды. Қатысушылар Пушкин өміріндегі неміс текті тұлғалар жайында тың тарихи деректермен танысты. Сонымен қатар, оқушылар мен кітапхана оқырмандары ақынның өлеңдерін орыс және неміс тілдерінде мәнерлеп оқып, көркем шығармаларынан үзінділер ұсынды

Шара соңында жазғы лагерді сәтті аяқтаған және әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға тәтті балмұздақтар таратылды.

ассамбл.jpg

Тағы да оқыңыз: