Kyzylorda-news.kz «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының тапсырысы аясында «Бізбен Бірге» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қала жастары арасында патриоттық сананы қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау бағытындағы іс-шараларды іске асыру» әлеуметтік қызметі бойынша «Оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері» тақырыбында психолог мамандарға арналған 3 күндік семинар-тренинг өтті.
Тренер ретінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің психологиялық қолдау орталығының жетекшісі Иманалиева Құралай Ерланқызы мамандармен жұмыс жасады.
Тренингке қала аймағындағы мектеп және ТжКБ мекемелерінен 69 психолог, соның ішінде 12 ТжКБ, 57 мектеп мамандары қатысты. Семинар барысында студент және оқушылармен жұмыс істеу, бала психологиясына байланысты мәселелерді шешуге бағытталған жаңа техникалар үйретілді. Қатысушылар арнайы сертификатпен марапатталды.
Психологиялық семинар-тренингтің мақсаты студенттер мен оқушылардың жеке және зияткерлік даму ерекшеліктерін, оқыту мен тәрбиелеудегі мәселелердің психологиялық себептерін диагностикалауға ғана емес, ең алдымен мұндай мәселелердің алдын алуға және жоюға бағытталған. Жастардың оң өмір салтын қалыптастыруға, оқуға оң мотивация жасауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ жеке және әлеуметтік дамудың бұзылуына психологиялық түзету жүргізуге, психологиялық денсаулық жағдайларының алдын алуға жәрдемдеседі.
Айта кетейік, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Психологиялық орталықтың қызметі студенттердің жеке және зияткерлік даму ерекшеліктерін, оқыту мен тәрбиелеудегі мәселелердің психологиялық себептерін диагностикалауға ғана емес, ең алдымен мұндай мәселелердің алдын алуға және жоюға бағытталған. Студенттердің оң өмір салтын қалыптастыруға, оқуға оң мотивация жасауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ жеке және әлеуметтік дамудың бұзылуына психологиялық түзету жүргізуге, психологиялық денсаулық жағдайларының алдын алуға жәрдемдеседі.