Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы №101 Әли Мүсілімов атындағы мектеп-лицейінде жастар арасында нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен өтті. ZOOM платформасы арқылы кездесуге облыс көлеміндегі барлық мектеп оқушылары бір мезетте қосылды.

В Кызылорде прошла масштабная профилактическая встреча для школьников1.jpg

Кездесу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, киберқылмысқа қарсы күрес және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының өкілдері дәріс оқыды.

Іс-шара барысында оқушыларға есірткінің зияны, буллинг пен кибербуллингтің салдары, интернет қауіпсіздігі ережелері, лудомания мәселесі және зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар есірткі айналымына қатысқаны үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік туралы кеңінен ақпарат берілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілікті мінез-құлықты қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

Тағы да оқыңыз: