Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 12 сәуір – Дүниежүзілік ғарыш және авиация күніне орай №176 орта мектептің 6«Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Мен ғарышкер боламын» атты танымдық ойын өткізілді. Ондағы мақсат – оқушылардың патриоттық, отаншылдық, сезімін оята отырып, елін жерін, сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту.
Ғарыш саласында елімізде айрықша орын алатын «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан. Сонымен қатар қазақтың атын танытып жүрген ғарышкерлерімізде бар. Шара барысында оқушыларға есімдері Қазақстан тарихында алтын әріппен жазылған қазақ ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов туралы мағлұмат берілді.
Сондай-ақ «Мен – ғарышкер боламын» атты 10 минуттық бейнебаян көрсетіліп, кітапхананың белсенді оқырмандары Ақтілеу Мерей, Жасмин Мәдиқызы, Жансұлу Қайырбекова, Нәби Төленов ғарышкерлер тақырыбында бірнеше сұрақтардың жауабын тауып, белсенділік танытты. 
Сонымен қатар «Аспанды бағындырған батырлар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, №176 мектептің аға кітапханашысы Айман Асанова шараны қортындылады.
 

Тағы да оқыңыз: