Kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Zhazgy time» лагерінің жас бүлдіршіндерімен Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Мирас болған мол мұра» атты танымдық іс-шара өткізді.

Әбілхан Қастеев – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график- суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақ бейнелеу өнерін, әрине Ә.Қастеевсіз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Атақты суретші – қазақ мәдениетінің сурет өнерінде айшықты қолтаңбасы қалған тұлға. Осы орайда оқушылардың қазақтың тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларымен таныстыру, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәлім тәрбие мен кітап оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараның берері көп. Оқушыларға ұлы суреткердің әрбір шығармасы – бір әлем Кітап қорындағы суретші шығармасына арналған кітаптардан «Түрксіб», «Қарындасымның портреті», «Көкшіл түсті көйлек киген қыз», «Мектепке бару» сынды көркем суреттері, туындылары таныстырылды.

Фото: turkistan.today

Тағы да оқыңыз: