Kyzylorda-news.kz Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партиялық бақылау комиссиясы және фракция мүшелерімен бірге Сайлауалды бағдарлама аясында СПМК-70 мөлтек ауданында салынып жатқан «Жайлы мектеп» құрылысы жұмыстарымен танысты.

Білім ордасының құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың шілде айынан бастап келісімшарт бойынша «Integra Construction KZ» ЖШС жүргізуде. 1500 орынға шақталған білім ошағы құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Құрылыс қарқынын көрген аманаттықтар мониторинг барысында тыпсырыс беруші және мердігер, техникалық қадағалаушы мекеме өкілдерімен жүздесіп, құрылыс қарқынын жоғарылату, құрылыс сапасы мен мерзімінде аяқталуы жөнінде нақты ұсыныстарын айтты.

«Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында еліміздің барлық аймағында білім ордалары саланып жатыр.Біздің өңірімізде жоба аясында 9500 орындық 10 мектеп құрылысы басталып, оның 4-уі ел иглігіне табысталды. Бүгінгі күні қалған мектептер құрылысы Президентіміздің және аймақ басшысының тікелей бақылауында. Жас ұрпақтың игілігі үшін салынып жатқан білім ордасаның сапасы дұрыс болуы керек. Мұнда өзіміздің балаларымыз, немерелеріміз білім алатын болады. Сондықтан асығыс жасап, пайдалануға берілмей жатып, қайта жөндеуді талап етпейтін, кемі 30-40 жыл қызмет жасайтындай сапалы болуы керек. Балалардың қауіпсіздігі үшін барлығымыз да жауаптымыз»,- деді өз ұсыныстарымен бөліскен партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов.

Тағы да оқыңыз: