Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 5-30 тамыз аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында оқушылардың мектеп формасына арналған жәрмеңке өткізіліп жатыр. 

Ал аудандарда аталмыш акция 16-21 тамыз аралығында жалғасады. Бұл жәрмеңкеге жергілікті «Ас-Ка» ЖШС, «Ақжүрек мүгедектер қоғамы» ҚБ, «Айша-бибі» тігін цехы және тағы да басқа кәсіпкерлер өз өнімдерін облыс тұрғындарына ұсынбақ ниетте. Жәрмеңкеде мектеп формалары нарық бағасын төмен әрі жоғары сапада сатылымға шығады. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына да арнайы жеңілдіктер қарастырылған.

Тағы да оқыңыз: