Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен 7 және 11 сынып оқушылары арасында Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өтті.

Шығармашылық байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан елуге жуық оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде, «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағыты бойынша №218 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Амангелді Жансая жүлделі І орын алып, облыстық кезеңде ІІІ орынға ие болды. 

Ал, «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» бағытында Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сақтаған Еңлік І орынға лайық деп танылды. Еңлік облыстық кезеңде де топ жарып, республикаға жолдама алды. 

Келесі «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» кезеңі бойынша №143 орта мектептің 10-сынып оқушысы Өмірбек Нұрасыл да қалалық кезеңде І орын алып, облыстық кезеңде топ жарды. Нұрасыл алдағы республикалық кезеңде бақ сынайтын болады. 

Жүлдегер шәкірттерімізді құттықтай келе, республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!

Тағы да оқыңыз: