Kyzylorda-news.kz   Қызылордада А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруы, Сейхун колледжінің 2 курс студенттерінің қатысуымен сатирик, Қазақстан жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Ләммим», «Аһүһ» кітаптарының, «Ымжым», «Тойда жолығайық», «Қалай болса – солай» атты бірнеше өлең жинақтарының авторы Толымбек Әлімбекұлының мерейтойына арналған «Күлкі –жанның шипасы» атты мерекелік іс-шара өтті.

Жиын 1 сәуір – күлкі күніне орай өткізілді. Шара барысында оқырмандарымыз сықақшы Толымбек Әлімбекұлының заманның лебі мен адамның демі арасындағы келеңсіз жайлар, өлеңдеріндегі ащы сатира, өткір сарказм және жеңіл әзілмен құралған шығармаларымен танысты.

Сонымен қатар сатирик шығармаларында тіл, саясат, әлеуметтік мәселелер, ұлттық тақырыптарда кеңірек қамтылғанын саралады.

Сейхун колледжінің бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі бөлімінің пән мұғалімі Шырманбаева Ақбота шараға қатысушыларға атақты сатирик Сейіт Кенжеахметұлының «Күлдіре білу — өнер, күле білу — өмір, күлкі болу –  өлім» деген сөздерін айтып, әрдайым шынайы күліп жүріңіздер деп жылы лебізін білдірді.

Тағы да оқыңыз: