Kyzylorda-news.kz   Қызылорда қалалық №20 кітапхана қазақтың ұлтық тағамдарын насихаттау мақсатында «Қазақтың ұлттық асы» атты таным сағатын Ә. Мүсілімов атындағы № 101 мектептің 5-6 сынып оқушылары қатысуымен өткізді. Ондағы мақсат – қазақтың ұлттық асы туралы мағлұмат беріп кітапхана қорындағы кітаптарды таныстыру.

Шара барысында жас оқырмандарға ата-бабаларымыздан келе жатқан қазақтың ұлттық тағамдары жайлы мәліметтер айтылды. Ата бабамыз жоғары бағалаған жылқы, сиыр, қой етінен жасалатын тағамдармен қатар арпа, бидай, тары секілді дәнді дақылдарды қалай пайдаланғаны туралы айтылып, малдың сүтінен жасалатын қатық, құрт, ірімшік тағы басқа тағамдар аталды.

Ас, тамақ дайындауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамның алуан түрлерін дайындаумен бірге қыста да, жазда да оның таза әрі бұзылмай сақталуының әдіс-тәсілдері мен жолдарын таба білген.Бұл қағидаларды әйелдер ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Кәзіргі уақытта көпшілік тез дайындалатын әрі ақзаға зиянды тағамдарды жеуге әуес болғандықтан қазақтың қолдан жасалған дәруменге бай ағзаға пайдалы тағамдары ұмыт бола бастаған. Осыған орай балаларға ұлттық тағамға қатысты арнайы сұрақтар қойылып оның жасалу жолдары мен құндылығы туралы мағлұматтар берілді.

Сонымен қатар кітапхана қорына жаңадан түскен кітаптарды насихаттау барысында « Кітап – жан азығы» атты кітап көрмесі таныстырылды. 

Тағы да оқыңыз: