Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде кәсіби бағдар беру бойынша ата-аналар мен түлектерге арналған кездесу өтті. Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Махмұт Томанов университеттің артықшылықары мен стратегиялық дамуына тоқталды.
Кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев және профориентолог, @eduser.online негізін қалаушы Айдос Жұманазаров қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиында талапкерлердің жоғары оқу орындарына оңтайлы әдіспен құжат тапсыруы, мамандық таңдау, грант бөлінісі мен оған түсу ықтималдығына өз бетінше анализ жасау және мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі лайфкахтар туралы айтылды. Сонымен қатар, халықаралық диплом алу және оқу орнын ауыстыру жолдары да түсіндірілді.
Түсіндірме жұмыстары Қызылорда қаласы бойынша 57 57 мектептің түлектері, мектеп директорлары, орынбасарлары және ата-аналарына, аудандар бойынша екі мыңға жуық ата-ана мен түлекке түсіндірме жұмысын жүргізді.
Бұдан бөлек, Руслан Тоқтарбекұлы Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жаңа оқу жылында пайдалануға берілген «Іңкәр 7» жатақханасына барып, студенттердің жағдайымен танысты. Кездесу барысында республика бойынша студенттердің жатақханамен қамтылуы басты назарда екенін, өңірлерде бұл мәселе шешімін тапқанын атап өтті.