Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінде ағылшын тілі бірлестіктерінің 2023-2024 оқу жылында жасалған қорытынды есебі өткізілді.

Іс-шара барысында қалалық білім бөлімі әдіскері Ғалия Ермағанбетқызы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ануза Аманжолқызы қатысты.

2023-2024 оқу жылының қорытынды есебі бойынша үздік көрсеткіш көрсеткен қалалық ағылшын тілі бірлестіктерін қалалық білім бөлім басшысының арнайы алғыс хатымен марапатталды. Оның ішінде республикалық олимпиадалар және ғылыми жобалар, үздік бағдарламалар 2024, үздік бірлестіктер 2024, үздік кабинеттер 2024 бағыты бойынша үздіктер сараланды.

Кәсіподақ комитетінің төрайымы Шамшатова Ануза Аманжолқызы 2023-2024 оқу жылында пәндік олимпиада, ғылыми жоба байқауларының республикалық кезеңдерінен жүлделі орын алған ағылшын тілі мұғалімдерін марапаттап, арнайы сыйлықтарын табыстады.

Кеш қорытындысы бойынша «EduStream Express Publishing» баспасының демеушілігімен Қызылорда қаласы бойынша қалалық мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдері арасынан зейнет жасына шыққан аяулы ұстаздарымызды арнайы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапаттады.

Зейнет жасына шыққан ұстаздарымызға арнап Абай мектебі ағылшын тілі бірлестігі ұжымының атынан «Teacher’s day at school» қойылымы қойылды және кешті қорытындылау үшін «Snowman» әні орындалды.

Тағы да оқыңыз: