Kyzylorda-news.kz.  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушысы, Kyzylorda Hub кәсіпкерлік орталығының резиденті Саят Урикбаев «Smart Bench» жобаcын іскеа сыруда. 

Smart Bench –  күн батареяларынан қуат алатын “ақылды” орындық. Мақсаты – күн сәулесімен жұмыс істейтін орындықтарды орнату арқылы кампус ландшафтын өзгерту.

«Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қызметкерлері мен студенттеріне арналған инновациялық-эко жобаның дайын үлгісі бас оқу ғимаратының жанына орнатылды. Бұл жоба арқылы өңіріміздің экологиялық жағдайын жақсартуға септігімді тигізгім келеді. Smart Bench күн панельдері орнатылғаннан кейін қолдануға толық дайын болады», - деді Саят Урикбаев.

Айта кетейік, «CHEVRON» компаниясы ұйымдастырған «SustainabilityLivingLab» жобалар сайысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Темірлан Абжанов пен Саят Урикбаев жобаларын таныстырып, грант иеленген болатын.

 

Тағы да оқыңыз: