Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №7 мектеп-лицейі базасында ұлттық әдебиеттің классигі Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ілияс оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

Мазмұнды іс-шараның мақсаты – мектеп оқушылары арасында ақын шығармаларын насихаттау, жеткіншектердің әдеби көркем шығармаға құш¬тарлығын арттырып, эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Қалалық іріктеу кезеңіне 55 мектептен 50-ден аса оқушы қатысуға өтініш берген. Оқушылар 5 бағыт бойынша сынға түсіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Байқауда әдебиет сүйер өрендер 5 кезең бойынша өз шығармашылық өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде «Ілияс - эпик ақын» шығарманы жалғастыру бойынша №217 мектептің 9 сынып оқушысы Айтбай Жанымай, «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» мәнерлеп оқу бойынша №189 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ақтай Нұрбек, «Ілияс -қарасөз шебері» -көркемсөз оқу бойынша №140 мектептің 9 сынып оқушысы Оспан Талшын, «Сұлу сөздің сүлейі» - шығарманың көркемдік құрылысын талдау бойынша №215 мектептің 10 сынып оқуышысы Әбутәліп Аида және «Заманның заңғар тұлғасы» - буктрейлер бағыты бойынша №7 мектептің 9 сынып оқушысы Сеитжан Меруерт облыстық кезеңге жолдама алды.

Тағы да оқыңыз: