Kyzylorda-news.kz  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен «Kyzylorda Idea Battle» бағдарламасы аясында Demo Day кезеңі өтеді.

 Іс-шараның мақсаты – стартаптарды қолдау, ел ішіндегі стартап мәдениетін насихаттау және Қазақстан аймақтарында цифрландыруды дамыту үшін үздік IT идеяларды анықтау. Demo day – инвесторлар және де басқа қызығушылығы бар ұйымдардың жобаны қарап, іріктеуден өтуі. «Kyzylorda Idea Battle» жобасы барысында маркетинг, қаржы, нарықтық зерттеулер мәселелері қамтылды. Сонымен қатар, «Pizza Pitch» жиыны ұйымдастырылды.

«Pizza Pitch» жиынында қатысушылар өз бизнес жобаларын кең аудиторияға таныстырып, сарапшылардан кәсіби баға алды. Сондай-ақ, жобаларды әрі қарай дамыту бойынша кеңес пен практикалық ұсыныстар айтылды. Шараның басты мақсаты  −  жас кәсіпкерлерді қолдау, спикерлік дағдыларын дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру. Жиынның ерекшелігі – қатысушыларға жүлде берілмейді және көпшілікке пицца таратылады. 

Стартап жобаларды қорғау алаңында 42 жоба ішінен іріктелген 8 жоба қазылар алқасына таныстырылады. Idea Battle байқауының жеңімпаздарына 500 000 теңге қаржы табысталады.

Айта кетейік, Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өткен жылы Іdea battle байқауы өткен болатын. 3 минуттық питч форматында инновациялық идеяларды қабылдаған Іdea battle байқауының жүлде қоры 500 000 теңгені құрады. Нұрлан Құлмырзаев, Алмат Қуанышбаев, Бағдат Қадырбеков, Мақсат Мугалов, Ержан Кенжеев аталмыш байқауда төрелік етті. Студенттер мен жастардың қатысуымен өткен 30 жоба қорғалған. 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 2017 жылдың мамыр айынан бастап кәсіпкерлік орталық жұмысс істейді.  Бизнес-инкубатор  –  өз істерін бастауды қалайтын, бірақ оған мүмкіндігі жоқ жас кәсіпкерлерді қолдау және коммерциялық тұрғыда тиімді өнім алу мен нәтижелі өндіріс құруда көмек көрсету мақсатында құрылған ұйым. Әлемдік практикада  жеткілікті түрде кең таралған орталықтар көптеген елдерде жұмыс жасайды. Мұндай мекемелер алғаш рет 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында АҚШ мен Ұлыбританияда ашылған. Олар табысты түрде жаңа жобалар мен стартаптарды жетілдіреді. «Стартап» термині бизнес-инкубатормен ұдайы бірге жүретін термин.  Стартап немесе старт-компания ағылшыннан аударғанда «бастау» деген мағынаны береді және қазіргі уақытта енді пайда болған немесе құрылуы жоспарларған жаңа жобаны білдіреді. Бұл термин IT саласында және ғаламтор-жобаларының саласында жиі қолданылады. Университет қабырғасында кәсіпкерлікті дәріптеу мен дамыту бағыты бойынша «Startup Bolashak. Menin armanym» жобасы, «Zhas project» бағдарламасы, «HackDay» және «Smart city Kyzylorda» хакатондары және тағы да басқа шара ұйымдастырды. Сонымен қатар облыс көлеміндегі «Smart city Hackathon», «PechaKucha Night Kyzylorda», «Startup roadshow», «Enactus Kazakhstan roadshow», «Startup Talapker incubation», «Innofest» облыстық инновациялық жобалар фестивалі», «SLL  workshop», «SocInn startup», «NoCodeDay», «Open Speech Kyzylorda» бағдарламалары мен іс-шаралары өткен. Қазіргі таңда бизнес-инкубатор жұмысын қарқынды жүргізуде.

Тағы да оқыңыз: