Kyzylorda-news.kz   Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір–Халықаралық балалар кітабы күніне Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің кітапханасында 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап - сарқылмас қазына» атты әдеби кеш өткізілді. Мұндай шараны ұйымдастырудағы мақсат – оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызды, кітаптың және балалар кітап күнінің шығу тарихымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу.

Шараға 3 сынып оқушылары мен жетекшілері, кітапхана меңгерушісі Шолпан Байымбетова, А.Құлмағамбетова қатысып, кітап туралы келелі әңгімелер айтты. Кітапхананың белсенді оқырмандары Б. Абайқызы, Ж. Ерболат, Н. Бақытжан, Н. Құрбанқызы, Ш. Сағидулла, Р. Ерқуат, Ә. Рахымша, А. Сейілхан, М. Қайрат, Ж. Ерболат, А. Ашығалы, К. Алмасқызы, А. Бекмұрат, Н. Бақытжан, Н. Мұратбай, Б. Абайқызы, қазақ ақындарының кітапқа арнау өлеңдерін жатқа айтты.

Сонымен бірге олар жергілікті балалар жазушы Танаш Дәуренбековтың «Кітаптар мұңы» атты әңгімесінен көрініс көрсетті.

Жас оқырмандар хормен «Құпия кітап» әнін жанды дауыспен айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. «Кітап - ғажайып қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, балаларға оқуға қазақ, әлем жазушыларының қызықты кітаптарымен қатар, ертегілер ұсынылды. 

Тағы да оқыңыз: