ФОТО

Kyzylorda-news.kz.  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосу мақсатында гранттық және халықаралық жобаларды жүзеге асыруда. 2022 жылы 17 жоба орындалған болса, 2023 жылы жалпы 23 ғылыми жоба орындалуда. 2020 жылмен салыстырғанда ғылымнан түскен қаржы 3,2 есеге өсті. Оның ішінде, ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру бойынша 17 жоба, жергілікті атқарушы органдардың тапсырысымен облыстық бюджеттен қаржыландырылған 2 жоба, кәсіпорындардың тапсырысымен 4 жоба жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, Ново Лиссабон университеті (Португалия) және Неміс гуманитарлық зерттеулер қорымен (Германия) орындалған 2 халықаралық жобада Қазақстан тарапынан университет ғалымдары профессор-зерттеуші, химия ғылымдарының кандидаты Нұрбол Аппазов пен философия докторы Әзілхан Тажекеев жетекшілік етуде.

Мичиган университеті (АҚШ), Ховест қолданбалы ғылымдар университеті (Бельгия), Любляна университеті (Словения) және АсеSYRI Erasmus+ EU орталықтарымен біріккен 4 халықаралық білім беру жобалар жүргізілді.

Айта кету керек, 2021 жылдан бастап 40 жасқа дейінгі жас ғалымдарды қолдау мақсатында 10 млн тенге көлемінде ректор гранты конкурсы еңгізілген болатын. Нәтижесінде 2021 жылы 4 жоба ұтқан болса, 2022 жылы 6 жоба жеңімпаз атанды.

Бүгінгі таңда, өңірдің бірқатар мәселелерін шешу мақсатында университет ғалымдары «Қызылорда облысында су тапшылығы жағдайында Жемшөп дақылдары мен ағаш екпелерін суару үшін сарқынды суларды қауіпсіз кәдеге жарату технологиясын әзірлеу» тақырыбында бағдарламалық-нысаналы гранттық қаржыландыру конкурсына жоба ұсынды. Бағдарламалық нысаналы қаржыландыру жобасы Ұлттық ғылыми кеңесте қаралып, нәтижесі күтілуде.

Тағы да оқыңыз: