Kyzylorda-news.kz  “Ауыл” партиясының бастамасымен Сыр өңірінде “Білімді ауыл” жобасы бастауын алды.  Жобаның алғашқы қадамы облыстағы озық білім ордасы Mansap мектебі мен І.Қабылов атындағы №32 орта мектебі арасындағы екі жақты тәжірибе алмасумен басталды.

Мәдениет ауылының ұстаздары облыс орталығына келіп, Mansap мектебінде “Сингапур” әдісі бойынша 1 күн  жаңа методикамен танысты. Аталған методика бойынша  халықаралық деңгейде ғылыми жоба жұмысын жазу, оны қалай сәтті қорғау бойынша жаңа мағлұматтарға қанықты.

Сондай-ақ, “Халық ауыз әдебиеті”, “I spy at the beach”, “Шаршы және тіктөртбұрыш”, “Madison’s daily routine”, “ҰБТ-ға дайындаудағы тиімді стратегиялар” тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырылып, қатысушыларға UNESCO-ның сертификаттары табысталды.

Айта кетейік, партияның ықпалымен басталған жоба Жалағаш ауданында жалғасын табатын болады.

Қызылордада “Білімді ауыл” жобасы басталды  1.jpgҚызылордада “Білімді ауыл” жобасы басталды 2.jpg

Тағы да оқыңыз: