Kyzylorda-news.kz Өнер орталығында Қызылорда облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі басталды.

 Кеңесте «DIGITAL KAZAKHSTAN: жаңа замандағы білім беру» тақырыбы аясында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы мәселелері қаралып жатыр. 

Пленарлық отырысқа Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова, мектеп, колледж, қосымша білім беру мекемелерінің, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысып жатыр. 

Тамыз кеңесі фойедегі педагогикалық көрмемен басталды. Білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі ҚР Оқу–ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бейнеқұттықтауымен ашылды.

Жылдағы дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін бұл тамыз кеңесінде атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, алдағы жаңа оқу жылына қойған мақсат-міндеттер айқындалады.

Тағы да оқыңыз: