Kyzylorda-news.kz   Бүгінде білім беру ісінде тек білім ошақтары мен, сонымен қатар балабақшадағы бүлдіршіндерді дамытуға да басымдық берілген. Себебі, мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін арттыруда театрландырылған ойын түрлерін қолдану арқылы балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруге мүмкіндік бар.

Осы мақсатта Қызылорда қаласындағы «Бал бала Орда» бөбекжай-бақша мекемесі базасында «Заманауи театр түрлері арқылы балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тақырыбында аймақтық әдістемелік семинар болып өтті.

Танымдық жиынға облыстық оқу орталығының мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдіскері Өтегенова Айжан, қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйым әдіскері Динара Әбдіқалықова қатысты.

Білім мен тәрбие бастауын жас жеткіншектер ең алдымен балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие беру саласы мамандарының алдында жан – жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше. 

Тағы да оқыңыз: