Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында пилоттық режимде «Бабалар үні» пилоттық жобасы басталды.

М.Қалауов атындағы Өнер мектебінде бастау алған жоба өнер бағытындағы қосымша білім беру ұйымдарына әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсететін «тірек білім беру ұйымы» ретінде жұмысын үйлестіреді.

Жобаның басты мақсаты - оқушылар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау. Сонымен қатар қосымша білім беру ұйымдары арасынан “Өнер” бағыты бойынша “тірек білім беру ұйымын” жасау және оны басқа қосымша білім беру ұйымдарына тарату мен оқушылардың халық аспаптар оркестрін құру болып табылады.

Бүгінгі таңда жобаның тиімділігін арттыру үшін өнер мектебіндегі домбыра, скрипка, цифрлық фортепиано, баян сынды аспаптары жаңартылды. Сонымен қатар теориялық сабақтарға арналған төрт интерактивті дисплей алынып, компьютерлік сынып ашылды. 

Аталған білім ордасында жүргізіліп жатырған жұмыстармен танысу үшін Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет арнайы барды. Басқарма басшысы алдағы уақытта Сыр елі музыкасының, өнерінің үздік туындылары мен тарихының базасы қалыптастырылып, насихатталатынын жеткізді.

330345848_871508207600344_3233151635200619040_n.jpg

 

330384059_141236695531082_9212270560506302357_n.jpg

 

330359015_1000041804291377_4443974407768867883_n.jpg

Тағы да оқыңыз: