Kyzylorda-news.kz.  Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді. Осы орайда Қызылорда облысында 300 орындық балабақша ашылды.

Аймақта білім саласының дамуына тілеулес меценат азаматтардың мектеп, балабақша ашу ісіне ынтасы жоғары. Республика күніне тарту ретінде бүгін Қызылордада жеке кәсіпкердің бастамасымен салынған 300 орындық жаңа балабақша есігін айқара ашты. Жыл соңына дейін тағы 2 мемлекеттік балабақша пайдаланылуға беріледі.

Игі шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, ата-аналар мен бүлдіршіндерді мерейлі мерекемен құттықтады. 

“Қызылорда - экономикалық озық аймақ қана емес, балаларды бақыт мекеніне жетелейтін мейірімді қала болуға тиіс. Келешекке көз салған әрбір өркениетті ел білімді қолдаудың төте жолын инвестициямен байланыстырады. Біз де бала болашағы үшін бюджетке иек артып ғана қоймай, салаға жанашыр азаматтарды қолдай отырып, жаңа нысандар салу тәжірибесін кеңінен жалғап келеміз. Қаламыздың ең ірі және шеткі ауданында орналасқан бұл балабақша 300 бүлдіршінді қабылдай алады. Бұған дейін аймақ көлемінде дәл осы жобадағы жеке бөбекжай құрылысының болмағандығын ерекше атап өту қажет”-деді Нұрлыбек Нәлібаев.

садик.jpg

Тағы да оқыңыз: