Kyzylorda-news.kz Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қызылордада сыныптастары қорлаған оқушы қыздың ісіне қатысты тергеудің егжей-тегжейін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрдің сөзінше, қазір бұл іске қатысты 13 айыпталушы ұсталды.
"Олардың екеуі үйқамаққа алынды. Қазіргі таңда бірқатар баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан басқа ештеңе айта алмаймын. Себебі іске қатысты мәліметтер тергеушінің құзыретінде", – деді Лепеха.
Оның айтуынша, 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер мен зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандар қамауға алынды.
Алайда вице-министрі ұсталғандардың қаншасы кәмелеттік жасқа толмағандар екенін нақтыламады.
"Тергеу бұл мәселені қарап жатыр. Біз қызға клиент болған адамдардың барлығын тексереміз", – деді Лепеха.
Фото: depositphotos.com