Kyzylorda-news.kz. І.Қабылов атындағы №12 ІТ мектеп-лицейінде халық ауызында аңыз болып аты қалған Дешті Қыпшақтың атақты перзенті, Мысыр билеушісі Аз-захир Рукн ад-Дин Бейбарыстың 800 жылдығына орай «Бейбарыс сұлтанның өмір жолы мен ерліктері» тақырыбында жоғарғы 9-10 сынып оқушылары арасында аймақтық конференция ұйымдастырылды.

Конференция оқушылардың өзара Сұлтан Бейбарыс туралы тың да қызықты ақпараттармен бөлісіп, даңқты билеушінің құлдықтан әмірлікке дейінгі көтерілген кезіндегі қажырлы еңбегі, мақсат жолындағы табандылығын үлгі ете отырып, шәкірттер бойларына отансүйгіштік, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында өтті.

Аймақтың түрлі мектептерінен келген жас зерттеуші оқушылар өздерінің жүргізген зерттеу жұмыстарын қазылар алқасы алдында қорғады. Әділқазылар тарапынан тақырыпқа сай қосымша сұрақтар қойылып, зерттеу жұмысының өзектілігіне, тарихи құндылығына баға беріліп, бүгінгі қоғамдық өмірмен байланысын атап көрсетті.

Нәтижесінде, әділқазылардың шешімімен жүлделі І орынды Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Дәулет Нұрлан жеңіп алды. Конференция қорытындысымен ІІ орынға І.Қабылов атындағы №12 ІТ мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Зере Раушанбек лайық деп танылса, жүлделі ІІІ орын иегері болып №7 мектеп-лицейінің оқушысы Аяна Мейірханова мен Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушысы Ақерке Мақұм танылды.
Сонымен қатар, әділ қазылардың шешімімен Ә.Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицейдің, Абылай хан атындағы №140 орта мектептің және Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің намысын қорғаған жас тарихшы шәкірттер арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: