Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қызметкерлері Алматы қаласында өткен «Silk Road Initiative Workshop: Elevating Management Research from and about Central Asia to the World»  атты воркшопқа қатысты. 

КИМЭП  пен Нархоз университеті бірлесіп ұйымдастырған шарада халықаралық журналдардың бас редакторлары мен ғалымдары төбе көрсетті. Воркшоп зерттеушілер, оқытушылар мен докторанттар үшін академиялық жазу саласындағы білімдерін дамытуға арналған алаңға айналды.

коркыт.jpeg

Қатысушылар зерттеу дизайны, теория құру, сапалық және сандық әдістер, ғылыми мақала дайындау және рецензиялау сынды негізгі тақырыптарды талқылады.

Пленарлық сессиялар, мастер-класстар және интерактивті дөңгелек үстелдер барысында қатысушылар ғылыми зерттеулер жүргізу мен  халықаралық журналдарда мақала жариялау  бойынша практикалық кеңестер алды. 

Сонымен қатар воркшоп идеялармен алмасуға, ағымдағы зерттеу жобаларын талқылауға және әлемнің түрлі елдерінен келген ғалымдармен кәсіби байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік берді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті атынан профессор Алмакүл  Абдимомынова және докторант Айдана Жайшылық шараға белсенді қатысып, жетекші ғалымдармен пікір алмасып, ғылыми талқылауларға өз үлестерін қосты.

Бұл воркшоп құнды тәжірибе болып, менеджмент саласындағы зерттеулерді жаһандық деңгейде дамытуда ынтымақтастықтың, инновацияның маңыздылығын айқындады.

Тағы да оқыңыз: