Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Ж.Нұрпейісов атындағы №233 орта мектебі 1972 жылдың  3 қазанынан бастап білім көкжиегінде көш түзеп келеді. Бұл білім ордасы сол жылы қаладағы қазіргі Амангелді көшесіндегі №108 үйдің орнына үш қабатты мектеп ретінде қаланған болатын. Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де тәрбие мен білім жолында талай өскелең ұрпақты қанат қақтырып келеді.

Қай кезде де жаңа ашылған мектептің бағыт-бағдарын айқындап, алға жетелейтін, мектеп ұжымының биіктен көрінуіне сеп болатын мектеп басшысы екені рас. Білім ордасын алғашқы оқу жылында Хан Владимир Иванович басқарған. Ол өзінің іскерлік қабілетімен, ұстаздың білігін, шәкірттің білімін саралай алатын қасиетімен, ұжымға, оқушыларға деген қамқорлығымен ерекше есте қалған. Одан кейін мектепті Кеңес одағының және Қазақстан Республикасының ағарту саласының үздігі Шастова Лидия Ильинична 23 жыл басқарған. Білім ордасын әр кезеңде білікті де іскер мамандар басшылық жасаған. Мектепке 1997-2000 жылдары Спасова Лилия Викторовна, 2000-2008 жылдары Оспанова Күлзия Жұмағалиқызы, 2008-2010 жылдары Молдабекова Сауле Шамұратқызы,  2010 -2016 жылдары Мұсаева Альфия Елубайқызы, 2016 -2021 жылдары Таженова Анар Бисенбайқызы басшы болса, 2021 жылы сәуір айынан бастап Акназарова Галина Ұзақбайқызы басқарған. 2024 жылдан бері  Искаков Мұхтар басшылық жасайды.

Мектеп тарихында өздерінің жарқын ізін қалдыра білген атақты мұғалімдер, октябрь революциясының орденімен марапатталған Колесова Раиса Федоровнаны, Қазақстан Республикасы  ағарту саласының үздіктері Мырзаманова Орынтай, Наурызбаева Күлтай Нұрбайқызы, Ким Эльвира Анатольевна, Суханова Ольга Александровна, Ершова Галина Макаровна, Хильченко Лидия Адамовна, Яруллина Марсельеза  Талиповна, Ходаковская Клавдия Васильевна.Сонымен қатар  Е.К. Тен, Л.М. Кулешова, В.Автеньева,  Л.Г. Кушнаренко, А.П.Тен, И.Г.Воробьев, И.И. Лапицкая, Л.М.Конышев, О.С.Цой,  Э.Ф. Ткаченко, Н.П. Глеченко,  В.П. Конивцев, Р.Ф. Колесова, В.И.Ли,  З.И. Фролова, Т.С.Суркова, Г.Ш. Кальмуратова,  В.В.Огай,  Л.В.Лактионова, Л.Р. Югай,  Е.А .Тен, А.А.Алиев, Л.С. Есенова,  М.А .Дүкенбаева,  Н.М.Джанибеков. Т.Н.Почекутова,  Г.М.Ершова, М.КВагимов,  К.Н.Алдамжарова,   В. Г.Лубенец, А.П.Тен, Л.П.Подковкина, Э.А. Ким, Ф.П. Нигай,  Н.А. Загороднева, В.В. Ли,  Р.И. Китаева, Т.Т. Торешов, А.М .Бекбулатова,  О.В.Акимова,  Л.И. Широкова, Р.П.Кузнецова, Э.А.Эм, Л.П.Югай, Т.Шабдарова, К.Н.Наурызбаева, А.Ж.Алдамжарова, В.В.Алейников,  З.Т.Жартенова,  М.Г.Федорова, З.А. Искакова,  Л.Г. Дмитриева, Н.А. Ем, У.И. Саметова, Г.А.Козлов, А.А.Дуйсенбаева, Б.А Абдукаримова, К.Х. Фаткульдинова, Р.К. Пак. Н.С. Ахметова, А.Н.Никтина, В.Н. Ким, Н.И.Щербинин,  И.Е.Тян, С.Б.Хан, И.А.Гришаева, А.И.Цой, Л.Орлова. Е.Панова, З Серикова, М.М.Тлеулиева,  Е.Ч.Цой. К.М .Жунелбаев, А.Н.Карпова ұстаздар еңбек еткен.

Мектеп өз заманында алғашқы бастамаларымен, оның ішінде Н.Островский атындағы мұражай, Боровиков Борис Михайлович басқарған «Дружба» вокалдық – аспапты ансамблі негізінде құрылған қалалық «Балдырған» ансамблі, алғашқы қалалық футбол класы, психологиялық қызмет орталықтарымен белгілі болған.

Білім ордасына 2005 жылы Ұлы Отан соғысының батыры Жаппасбай Нұрсейітовтің аты берілген. Мектеп – қазіргі таңда оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен бағыттарын ұстанған білім ошағына айналған. Мектеп оқушылары республикалық олимпиадалардың және «АКСЕЛС» бағдарламасының жүлдегерлері. Білім ошағы 1982-2000 жылдар аралығында бірыңғай орыс тілді мектеп болады. 2000 жылдан қазіргі уақытқа дейін қазақ-орыс тілдерінде сапалы білім беріп келеді. 50 жыл ішінде мектепті 3302 оқушы бітірген, оның ішінде 110 бала Алтын, Күміс медальға және ерекше аттестатқа бітіріп шыққан. Қазіргі таңда мектеп түлектері еліміздің әр түкпірінен түрлі салада еңбек етуде. Мектеп өзінің бітіруші түлектерінің ішінде ғылым және өнер саласында, белгілі ұстаздар мен дәрігерлер, мекеме басшылары, құқық қорғау орындарының қызметкерлері, кәсіпкерлер, әскери бөлім басшылары, әлемдік деңгейдегі атақты кәсіби спортшылар – Дәулетбаев Дамир, Ділманов Дархан, Рысмұхамедова Күләш, Бимұратов Серік, Төрешбаев Бәйділдә, Ким Сергей, Пягай Александр, Қалекеева Құралай, Бауыржан Шөкенов, Батырхан Шөкенов, Бақытжан Шөкенов, Сатыбалдиев Марат, Қитаева Рәмзия, Қожаниязов Серік сынды тағы басқа түлектерімен мақтанады.

      Мектептің  педагогикалық ұжымы уақыт талабына сай оқу-тәрбие үрдісінде  абыроймен жұмыс атқарып келеді. Қазіргі кезде бұл білім ордасында 1022 оқушы білім алуда.  Оның 534-і қыз  бала, 488-і ұл бала. Мектепте 45 сынып және 3 мектепалды даярлық тобы бар. Сыныптардың орташа сыйымдылығы 23 оқушыдан. Сондай-ақ 184 өзге ұлт өкілдері білім алуда. Мектеп мұғалімдеріне заман талабына сай ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету, оқушылардың ғылыми танымдылығын арттыру жұмыстарын тиянақты орындау үшін мектеп әкімшілігі мектеп кітапханасына аса қажетті Қазақстан педагогикалық басылымдарына үнемі жазылып келеді. Мектеп интернет желісіне қосылған  компьютерлер керекті ақпараттарды еркін пайдалануға кең жол ашып отыр. Ұстаздар бен оқушылары да түрлі байқауларға қатысып жүр. Соңғы 3 жыл көлеміндегі нәтижелерге бағытталған педагогикалық ұжымның табыстарына келсек, мектебіміз қалалық пәндік  және басқа да түрлі олимпиада,  жыл сайын өтетін инттелектуалдық және түрлі  басқа да байқауларға, ғылыми жоба, шығармалар байқауларына  қатысып, жүлделі орындар иеленуде.

Тағы да оқыңыз: