Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласындағы 50  жылдан астам тарихы бар, іргелі білім ордасы Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ-мектеп-лицейінің тарихы 1970 жылдың 20 қазанынан бастау алады. Білім ордасы алғаш ашылғанда Қазақ КСР үкіметінің қаулысымен республика мерейтойының құрметіне «Қазақ КСР-ның 50 жылдығы» атауы берілген екен. Ал 1987 жылдың 10 желтоқсанында Білім министрлігі мен Әскери комиссариат қаулысымен аталмыш мектепке осы мектептің түлегі, жауынгер-интернационалист Батыржан Шалманұлы Шалғынбаевтың есімі беріледі.

Білім ошағының бүгіні туралы бастамас бұрын мектеп түлегі, есімі берілген Батыржан Шалғынбаев туралы айта кеткен жөн сияқты. Жауынгер Батыржан Шалғынбаев 1985 жылы 22 қаңтарда Ауғанстан демократиялық Республикасында интернационалдық борышын өтеуде жанқиярлық ерлікпен қаза тапқан. Ауған соғысында қаза тапқан жерлесіміз, мектеп түлегі Батыржанның көрсеткен ерлігі сол кезде КСРО тарапынан бағаланып, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады. Батыржанның мектептен алған білімі мен тәрбиесі, отбасының берген тәрбиесімен ұштасып, өмірге мықты қанаттандырғанның арқасы жас жігіттің нағыз хас батырға айналуына негіз болады. Осылайша, 1991 жылы мектеп ауласына арнайы Батыржан Шалғынбаев ескерткіші орнатылып, 9 мамыр жеңіс күнімен тұспа-тұс келетін батырдың туған күні, еске алу жиыны, тағы да басқа мектеп өмірінің мерекелік іс-шаралары салтанатты түрде атап өтіледі. Батыр тұлғалы Батыржанның Отанына, антына адалдығы, елін шексіз сүйе  отырып, қасық қаны қалғанша, ақтық деміне дейін Отанын қорғауға дайын екендігі өскелең ұрпақ үшін өнеге, әрі мақтаныш. Қазіргі таңда батыр есіміне қалада көше берілген. Сонымен қатар жыл сайын дәстүрлі футболдан турнир өткізіліп тұрады. Батыр есімімен аталған білім ордасында оқитын әрбір жеткіншек білімді, тәрбиелі болып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, болашақ еліміздің туын көкке көтерер жастардың қалыптасып келе жатқаны көңіл қуантады.

Аталған білім ошағы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 12 маусымдағы №13513 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Б.Шалғынбаев атындағы №217 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қызылорда қаласы білім бөлімінің Б.Шалғынбаев атындағы №217 ақпараттық технология мектеп-лицей» (ІТ-мектеп-лицей) коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Ал Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №180 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласы білім бөлімінің Б.Шалғынбаев атындағы №217 ақпараттық технология мектеп-лицей» (ІТ-мектеп-лицей) коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Б.Шалғынбаев атындағы №217 ақпараттық технология мектеп-лицейі» (ІТ-мектеп-лицей)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта өзгертіледі.

Бүгінде аталған мектеп екі тілде (қазақша-орысша) сабақ беретін аралас мектеп ретінде жұмыс жасайды. Сыйымдылығы 940 оқушыға арналған. 2020-2021 оқу жылында 1-11 сыныптар аралығында 1509 оқушы білім алып, оқу жылын аяқтаса, 2021-2022 оқу жылы бойынша барлық оқушы саны – 1580-ді құраған. Мектептегі сынып комплектісі саны – 61. Оның ішінде қазақ сыныбы –51 болса, орыс сыныбы – 10, ал лицей  сыныптар саны – 12. Мыңнан астам оқушы тәлім алатын білім ордасында 178 мұғалім қызмет етеді. Оның ішінде жоғары білімдісі - 172, арнаулы орта білімдісі – 6 мұғалім. Сондай-ақ, санаты бар мұғалімдердің үлесі барлық  педагогтардың 90 процентін құрайды. Мектепте оқуға арналған 38 кабинет бар, ал оқушылар оқулықтармен 100 процент қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек жаңа үлгідегі 5 кабинет жабдықталған. Ал жалпы компьютер саны - 86, барлығы интернет желісіне қосылған. Оқу-тәрбие процесінде оқушылар –50, мұғалімдер –36 компьютер қолданады. Интернет желісінің жылдамдығы 20 Мбит/с. Интерактивті тақта саны – 6. Проекторлар саны - 6. Мектепте одан басқа АӘД-ден шеруге дайындық алаңшары, 8 орындық ағаш өңдеуге арналған станоктар бар. Кең, жарық спорт залы балалар бөлмелері бар. АКТ залында түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.

Балалардың артық білім алып, ізденіс жасауы үшін мектеп кітапханасы да жұмыс жасайды. Мектеп кітапханасы, 15 орынды оқу залымен жұмыс жасайды. Кітапханадағы жалпы оқулық қоры – 69928 болса, көркем әдебиет - 7465, электрондық оқулық- 155, әдістемелік оқулық - 1723, жалпы қітап қоры - 61006. Оқырмандар интернет желісін пайдалана алады. Кітапхана бөлмесінде оқырмандарға арналған орындар, ақпараттық пункт, каталогтармен жұмыс істеуге арналған орындар, жабық сақтау қорлары бар.

Сонымен қатар мектеп қабырғасында оқушылардың тек білім алып қана қоймай, шығармашылығын дамытуға, спортпен шұғылдануына барынша жағдай жасалған. Әсіресе, мектептегі үйірме жұмысы жандандырылған. Бүгінде мектептегі үйірмелерге 7 жүзден астам оқушы барады. Оның 16-сы үйірме пәндік үйірме болып табылады. Жалпы мектеп оқушыларының 75,5 проценті өзідерінің білім ошағындағы үйірмеге қатысады. Талапқа сай білім ордасында оқушылардың бір мезгіл тамақтануы да жолға қойылған. Мектеп асханасынан бір мезгіл тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз етілген 250 бала бар. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепке 37 бейнекамера орналастырылған. Олардың 23 ғимарат ішінде орналасса, 14 сыртқы аулаға қойылған.

Жалпы білім ордасының материалдық-техникалық базасы заманауи талапқа сай жабдықталған. Мектеп оқушыларының толыққанды білім алуы үшін де қолайлы жағдай жасалған. Мәселен, мектепте 38 оқу кабинеті бар, оның ішінде модификационды оқу кабинеттері (лаборатория, интерактивтік тақтасы бар – кабинет) – физика, химия, биология, информатика, мультимедиялық кабинет, интернет желісіне қосылған (АДСЛ). Бұдан бөлек медициналық кабинет (лицензиямен) жұмыс жасайды. Педагог – психолог пен әлеуметтік педагогтардың кабинеті, спорт зал,  орындығы бар акт залы, мектепте Б.Шалғынбаев мұражайы бар.

Қызылорда қаласындағы Б.Шалғынбаев атындағы  №217 ІТ-мектеп-лицейі IT бағытында білім-тәрбие беріп отырған іргелі білім ордасы. 1971 жылы ашылған  білім ордасы мектеп,  2019-2020 оқу жылы IT бағытындағы  мектеп-лицей мәртебесіне жетіп, қазіргі таңда облыс орталығының қабілетті жеткіншектерінің білімін шыңдап қалалық, облыстық, республикалық жарыстардан жүлделі орындар иеленуіне зор үлесін қосып келеді. Қаламыздың қабілетті  балаларына сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, ел тәуелсіздігімен бірге табысқа жетіп келе жатқан IT-мектеп-лицейде барлығы 161 жоғары білімді педагог қызмет істейді. Жоғарғы білімді мұғалім саны – 15, магистр мұғалім – 7, жоғары санатты – 25 мұғалім, оның ішінде педагог-зерттеуші – 38 мұғалім, І санатты –  45 мұғалім, оның ішінде педагог-сарапшы- 39  мұғалім, ІІ санатта – 31 мұғалім, оның ішінде педагог-модератор – 45 мұғалім бар. Сонымен қатар магистр дәрежесі бар мұғалімдер қатарында Әбдімомынова Мизамгул Шакирбекқызы – информатика пәні мұғалімі, Есімова Элмира Іскендірқызы - информатика пәні мұғалімі, Баймаханова Салтанат Алпысқызы - информатика пәні мұғалімі, Бекмагамбетова Әйгерім Дуйсенбайқызы – физика пәні мұғалімі, Ерманова Құралай Қуанышбекқызы – шетел тілі пәні мұғалімі, Жөкеш Назира Серікқызы – биология пәні мұғалімі, Райымқұлова Жанат Таңатарқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Беркінбаева Ақерке – бастауыш сынып  мұғалімі, Бекишева Айгерим Мизамқызы– информатика пәні мұғалімі, Кенжеахметова Салтанат Шакимуратқызы – математика пәні мұғалімі, Әбжекенова Гүлзада Ғаниқызы – бастауыш сынып мұғалімі, Қазбайқызы Айнұр – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Төлеухан Амила – ағылшын тілі пәні мұғалімі, ал кандидаттық дәрежесі бар мұғалімдер қатарында Қазбайқызы Айнұр – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,  (экономика ғылымдарының кандидаты, Айтбаева Майра Абзалқызы - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Мектеп абыройы ұстаз бен шәкірт жетістігімен өлшенетінін ескерсек, бұл білім ордасында білікті де білімді ұстаздар жетерлік. Олардың жеткен жетістігі тек мектептің ғана емес, облыс, қала мерейін асыруда. Мұнда «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін – 1, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» – 5, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты» – 2, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Құрмет грамотасы»-5, облыс әкімінің «Алғыс хаты» - 8 мұғалім, Қызылорда облысы Білім басқармасының «Алғыс хаты» - 47 мұғалім марапатталған. Сондай-ақ, жаңартылған білім мазмұны бойынша деңгейлік курстарынан өткен мұғалімдер ұжымды жаңа технология жаңалықтарымен үнемі хабардар етіп, деңгейлік курстар, коучинг сабақтар өткізіп білім деңгейін арттыруға үлес қосуда. Бір айта кетерлігі мұндағы ұстаздардың 25 проценті  3 тілді жетік меңгерген,  100 процент ақпараттық технологияны еркін қолданады. Мектеп-лицейдегі барлық мұғалімдер жыл сайын біліктілік арттыру курстарынан өткізіледі. Мұғалімдер арасында Кэмбридж бағдарламасы бойынша шет елде және еліміздегі «Өрлеу» республикалық біліктілік арттыру курстарынан өткен ұстаздар еңбек етеді. Мектеп-лицей  ұжымы білім беруде жоғары сапаға қол жеткізіп, үлгілі педагогикалық шеберлік, шығармашылық ізденіс үстінде шәкірттерге оқу-тәрбие беруде аянбай еңбек етуде.

Мектепте оқушыларға физика, биология, химия, информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі. Мектеп-лицей педагогикалық ұжымының жұмыс нәтижесінде оқушылардың айтарлықтай жетістіктері байқалады. 1971-2019 жылдар аралығында  лицейді 4351  оқушы бітірген. Оның 12-сі «Алтын белгіге», 62-сы «Үздік аттестатқа» тәмамдаған. Білім көкжиегінде №217 IT-мектеп-лицей ойы ұшқыр, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, қазіргі заман талабына сай, өз елін сүйетін патриот азаматтарды тәрбиелеуде зор үлес қосып келеді. Оған лицей оқушыларының олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарынан зор жетістіктерге жетуі дәлел бола алады. Мәселен, республикалық пәндік олимпиадада 15 оқушы, облыстық пәндік олимпиада 13 оқушы, республикалық ғылыми жоба жарысында 21 оқушы, облыстық ғылыми жоба жарысында – 59 оқушы үздік деп танылды. Мектеп-лицей түлектерінің 76 проценті техникалық мамандықтар бойынша еліміздің  жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастыруда. Бұл ретте білім ошағы өздері қанат қақтырған шәкірттерімен әрдайым мақтанады. Әсіресе, мектеп түлектері ел экономикасын көтеру мақсатындағы еңбекке араласып, еліміздің және  дүниежүзінің (Майкрософт, Тенгиз- Шеврон, Shell және т.б.)  ірі ұлттық өндіріс орындарында және халықаралық компанияларында  жұмыс істейді.

Бұл білім ордасы шәкірттерін әрқашан мақтан тұтады. Оған себеп те жоқ емес. Түрлі білім сайыстарына қатысатын оқушылар үнемі жеңіс тұғырынан көрініп, мектеп, ұстаз абыройын асқақтатып жүр. Атап айтқанда, 5-6 сынып оқушылары арасындағы олимпиадаларда орыс тілі пәнінен Спасова Лилия Виктровна оқушысы Мырзахан Інжу І орын, Қазақстан тарих пәнінен Юлдашева Жұмакул оқушысы Серік Ақылжан ІІ орын, жаратылыстану пәнінен Кенжебек Назымның оқушысы Батыр Гулназ ІІ орын, орыс тілі пәнінен Жүсіпбаева Мерекенің оқушысы  Мұханбетқали Ақерке ІІ орын алса, облыстық кезеңде орыс тілі пәнінен Спасова Лилия  Виктровна оқушысы Мырзахан Інжу І орын, республикалық кезеңнен  орыс тілі пәнінен Спасова Лилия  Виктровна оқушысы Мырзахан Інжу ІІІ орын алған. Сонымен қатар 9-11 сыныптар арасында орыс тілінен Уразова Жанар Кадирбергенқызының шәкірті Ерубаева Нұрай І – орын, ӨӨТ пәнінен Адаева Гулмира Рахматтуллақызының оқушысы Жанболатқызы Айшабибі ІІ орын, география пәнінен Шалкыбаева Сандугаш Батырбековна оқушысы Абдуллаева Ақжан ІІ орын, биология пәнінен Наурышева Зауре Төлегенқызы оқушысы Мінайдарова Әдемі  ІІ орын, қазақ тілі пәнінен Кабылбаева Меруерт Ускенбайқызының оқушысы Дарханбекқызы Дидарай ІІІ орын, ағылшын тілі пәнінен Бекбембетова Аида Султанбекқызының оқушысы Али Айзере ІІІ орын иеленген. Ал облыстық кезеңде  Уразова Жанар Кадирбергенқызының оқушысы Ерубаева Нұрай орыс тілінен  І – орын, республикалық кезең  Уразова Жанар Кадирбергенқызының оқушысы: Ерубаева Нұрай ІІІ – орынды иемденген.

Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ – мектеп –лицейінің оқушылары 2021- 2022 оқу жылы бойынша олимпиада жүлдегері атанған. Оның ішінде 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық/қалалық) кезеңінде 5 сынып оқушысы Қазақбай Інжу 26 балл жинап, 3 орынды, 6 сынып оқушысы Еркебуланкызы Дильназ 36 балл жинап, 2 орынды, 6 сынып оқушысы Мырзахан Інжу 24 балл жинап, 3 орынды, 6 сынып оқушысы Таженова Амина 44 балл жинап,1 орынды, 5 сынып оқушысы Ким Снежанна 16 баллмен 3 орынды, 6 сынып оқушысы Әшірбек Елжан 29 баллмен 3 орын, ал облыстық кезең 6 сынып оқушысы Таженова Амина 39 балл жинап, 1 орын иеленсе, республикалық кезеңде 6 сынып оқушысы Таженова Амина алғыс хат иеленген. Сондай-ақ, 7-8 сыныптар бойынша 7 сынып оқушысы Әбубакир Аяулым  3 орын, 7 сынып оқушысы Қонақбаев Диас  3 орын, 8 сынып оқушысы Асқарқызы Лия 3 орынмен марапатталған. Олимпиада жүлдегерлерінің қатарында жоғары сынып оқушылары да бар. Мәселен, қазақ тілі пәні (орыс бөлімі) бойынша Абрамова Милана  - ІІІ орын, қазақ тілі  қазақ бөлімі - Духтар Сымбат Ерболқызы ІІ орын, орыс тілінен Нұрмұхамбет Қарақат Нұрланқызы - ІІІ орын, орыс тілінен Айтжанова Айша Аманжолқызы - ІІІ орын, орыс тілінен Сатыбалды Абылайхан Бауыржанұлы - ІІІ орын, орыс тілі пәнінен Айтбай Мұхаммедәли Болатұлы - ІІІ орын, ағылшын тілінен Сейтқали Абылайхан Асанұлы – ІІ орын, ағылшын тілінен Ерубаева Нұрай Талғатқызы – ІІІ орын, биология пәнінен Байзақ Құралай Нұрлыбекқызы – ІІІ орын, география пәнінен Ермахан Жания Батырханқызы – ІІІ орын, Қазақстан тарихынан Темірбек Жанерке Талғатқызы – ІІІ орын, Қазақстан тарихы пәнінен Серікбай Сандуғаш Қайратқызы – ІІ орын иеленген.

Сондай-ақ, Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ – мектеп-лицей бойынша 2019- 2020 оқу жылындағы ДАРЫН ғылыми жобасы аясында 1-6 сыныптар арасындағы  «Зерде» зерттеу жобасы бойынша Жаппар Айша ІІІ орын, Жанатова Еңлік  ІІ орын, Мінайдар Асхат  І орын, Қоңыратбай Назым алғыс хат, Жарас Сания,Ғалым Анеля  алғыс хат алса, облыстық кезең  Мінайдар Асхат  І орын, республикалық кезең Мінайдар Асхат  І орын алған. Ал жоғары сыныптар арасында ағылшын тілі Ерубаева Нұрай ІІІ орын, тарих пәнінен Муса Карина ІІ орын алған. Дәл осы жоба бойынша Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ – мектеп-лицей бойынша 2022- 2023 оқу жылыда жемісті болды. Жобаның қалалық кезеңінде 7-сынып оқушылары Асан Жанель мен Ибрагим Айзере І орын, Қоңыратбай Назым ІІ орын, Құлымбет Диана ІІ орын, Әділбек Айзере ІІ орын иеленсе, облыстық кезеңде 7-сынып оқушылары Асан Жанель мен Ибрагим Айзере алғыс хат, 3-сынып оқушысы Кадирова Медина  І орын иегері атанған. Ал республикалық кезеңінде медицина, психология бағыты бойынша ІІІ орын 3-сынып оқушысы Кадирова Мединаға бұйырған.

Білім бәсекесіндегі бәйгеде мектеп оқушылар биылда мектеп абыройын асырып, ұстаз еңбегін ақтаған. Биылғы оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде математика пәні бойынша ІІ орын иеленгені үшін 6-сынып оқушысы Мылтықбаев Иса, Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІ орын иеленгені үшін 6-сынып оқушысы Жұмабай Кәусар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ орын иеленгені үшін 6 –сынып оқушысы Асылбек Әдемі Русланқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 5 –сынып оқушысы Бекболатова Інжу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 5 –сынып оқушысы Сауранбай Назайым Сафуанқызы, 7-8 сыныптар арасында география  пәні бойынша ІІ орын иеленгені үшін 7 –сынып оқушысы Садуақас Сейілхан, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 7 –сынып оқушысы Нұрланова Айсұлу, Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 7-сынып оқушысы Казахбай Інжу Сабитқызы, физика пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 7-сынып оқушысы Бекболатова Айзере Нұржанқызы, информатика пәні бойынша ІІ орын иеленгені үшін 8 –сынып оқушысы Ибайхан Аяулым Нұртуғанқызы, құқық негіздері пәні бойынша ІІ орын иеленгені үшін 10 –сынып оқушысы Еркінұлы Ерасыл орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ орын иеленгені үшін 10–сынып оқушысы Ғалым Анеля география пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 8-сынып оқушысы Күдебаев Ермұрат орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 8 –сынып оқушысы Еркебуланкызы Дильназ ағылшын тілі пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 8-сынып оқушысы Омирбай Аружан,  физика пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 8-сынып оқушысы Жұмағали Ранай Сәкенқызы,  информатика пәні бойынша белсене қатысқаны үшін 7 -сынып оқушысы Егенберген Нұршат Ерболқызы алғыс хатпен  марапатталған. Сонымен қатар, 9-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ орын иеленгені үшін 9 –сынып оқушысы Батыр Гүлназ, ағылшын тілі пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 10-сынып оқушысы Сұлтанбекова Зарина Ерболатқызы,  орыс сыныбындағы қазақ тілі  пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 11 -сынып оқушысы Абрамова Милана, химия  пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 10-сынып оқушысы Садықбай Нұрай, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 11 –сынып оқушысы Көшкембай Балнұр Русланқызы, ағылшын тілі пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 9-сынып оқушысы Молдабай Гүлдана Ғабитқызы, математика  пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 7-сынып оқушысы Қалмағанбет Аян Дүйсенбекұлы, биология  пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 9-сынып оқушысы Қонақбаев Диас, орыс сыныбындағы қазақ тілі  пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 8 -сынып оқушысы Фоминская Алина,  орыс тілі мен әдебиеті  пәні бойынша белсене қатысқаны үшін 5-сынып оқушысы Аббасов Бейбарыс Талғатұлы алғыс хатпен марапатталған.

Білім беру ісінде қала мектептері арасында өзіндік орнын қалыптастырған мектеп-лицейдің ұжымы Сыр бойының ертеңгі ел тұтқасын ұстар жан-жақты, қабілетті балаларын білім шыңына жетелеуде аянбай еңбек ете бермек. Талабы таудай, қабілет-қарымы мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой болары сөзсіз.

А.Әлім

Тағы да оқыңыз: