Kyzylorda-news.kz  Жарты ғасырдан астам уақыт тарихы бар Ғани Мұратбаев атындағы №171 орта мектебі Кеңес одағы тұсында халықты жаппай сауаттандыру саясаты негізінде ашылған болатын. Ол тұста қалада бар-жоғы екі-ақ мектеп болған көрінеді. Оның бірі – №1 Май ер балалар интернаты болса, екіншісі № 6 қыз балалар интернат – мектебі болған. Ал 1954 жылдан бастап ер балалар мен қыз балалар бір мектепте білім алатын болып өзгертіліп, 1958 жылы 4 қарашада жаңа мектеп ғимаратын ашып, оған № 6 мектепті көшіріп әкелген. Жаңа блім ошағына әуелде «Октябрь революциясы» атауы беріліп, кейін Түрар Рысқұлов атына өзгереді. Дегенмен кейін комсомолдың 40 жылдығына байланысты мектепке Ғани Мұратбаев есімі берілген.

Бүгінде тамырын тереңге жайған, мыңдаған шәкірттерін түлетіп үшырған байырғы білім ордасы Ғани Мұратбаев мектебі көптеген үлгілі игі істердің бастаушысы бола білуде. Мектептің қүрылғанына биыл 66 жыл толып отыр. Осындай 66 жылдан астам тарихы бар білім ордасында, 1958 -1978 жылдардын аралығында Төлепов Жақия, Айзонов Әділбек, Байкасынова Запия сынды білікті математиктер, Жарқынбаева Балқия, Айтмамбетова Бақытжан, Киікбаев Мендияр сынды тағы да басқа қазақ тілінің жанашыр майталмандары еңбек еткен.

Ғани Мұратбаев атындағы №171 орта мектебін 2019 жылдың тамыз айынан бастап Ибраев Бекзат Сағындықұлы басқарып келеді. Саналы ғұмырын білім саласының өркендеуіне арнап жүрген білікті басшы бойындағы бар күш-жігері мен тәжірибесін білім ордасының одан әрі дамуына, гүлденуіне, биік тұғырдан көрінуіне жұмсап келеді. Шәкірттерге  сапалы білім, саналы тәрбие беру бағытындағы жұмысты одан әрі жандандырып, ұжыммен тіл табысып, қызығы мен шыжығы мол жұмысқа етене араласып кеткен. Осы уақытқа дейін мектеп қабырғасында STEM кабинеті, биология кабинеті, Абай кабинеті, химия, физика, математика, дефектология кабинеттері толықтай жабдықталып, пайдалануға берілген.

Мектеп мәртебесі қашанда оқушылардың сапалы білім алып, оның нәтижесін түрлі білім сайыстарында көрсетуімен бағаланатыны рас. Білім ордасының шәкірттері 2023-2024 оқу жылында 7-8 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде мектептен барлығы 20 оқушы қатысып, 9 оқушы жүлделі орынмен, 2 оқушы «Алғыс» алған. Оның ішінде математика пәнінен Кеулімхош Әдемі - ІІ орын, пән мұғалімі Шаден Мұхит, қазақ тілі пәнінен Жұмабекова Медина - ІІ орын, пән мұғалімі Құрманәлі Айгүл, қазақ мектептеріндегі орыс тілі Болатбекұлы Бекзат - «Алғыс» пән мұғалімі Абуталипова Ляззат, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Баймаханова Динара ІІІ орын, пән мұғалімі Досанова Алмагүл, Қазақстан тарихы пәнінен Абдулла Айдын «Алғыс», пән мұғалімі Насырова Бахыт, информатика пәнінен Түгелбай Нұраят ІІ орын, пән мұғалімі Акбар Назерке, география пәнінен Әуесхан Ернар ІІ орын, пән мұғалімі Смағұлова Рсалды, химия пәнінен Кемалова Шамшырақ ІІ орын, пән мұғалімі Медетова Мөлдір, химия пәнінен Ақбар Еркенұр ІІ орын, пән мұғалімі Сматуллаева  Зарипа, биология пәнінен  Қанат Асылзат ІІІ орын, пән мұғалімі Рустемова Анар биология пәнінен Сұлтанғазы Ақнұр ІІІ орын, пән мұғалімі Сматуллаева Зарипа. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сыныптың пәндік олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы. Олимпиадаға мектебімізден барлығы 12 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орынмен, 2 оқушы алғыс хат алды. Оның ішінде математика пәнінен Бақытжанұлы Муслим II орын, пән мұғалімі Кәрібаева Ақманат, математика пәнінен Таңатова Назым ІІ орын, пән мұғалімі Нұрмағанбетова Айжан, қазақ тілі пәнінен Сағатбек Расул III орын, пән мұғалімі Усенова Салима, қазақ тілі мен әдебиеті Жұмабекова Рабия III орын, пән мұғалімі Тәжиева Жанар, қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәнінен Амирова Анар алғыс, пән мұғалімі Жарас Ғалия, ағылшын тілі пәнінен Шағыр Аида алғыс хат, пән мұғалімі Бейбіт Ақмөлдір, жаратылыстану пәнінен Серік Санжар III орын, пән мұғалімі Рустемова Анар, жаратылыстану пәнінен Маханбетәлі Арай III орын, пән мұғалімі Медетова Мөлдір жеңімпазы деп танылған.

2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндердің 9-11 сынып бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін ІІ орын-1, ІІІ орын-8, алғыс хат – 1 қорытындылады. Базартай Саят Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын, 9 сынып оқушысы Базартай Саят, жетекшісі Ибраев Бекзат, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын, 9 сынып оқушысы Айтмағанбет Жұлдыз, жетекшісі Досанова Алмагүл, физика пәнінен ІІІ орын,10 сынып оқушысы Қалыбаев Әбілмансұр, пән мұғалімі Қабылова Роза, биология пәнінен ІІІ орын, 9 сынып оқушысы Бекжан Аңсари, пән мұғалімі Рустемова Анар, биология пәнінен ІІІ орын, 10 сынып оқушысы Алмас Зарина, жетекшісі Рустемова Анар, математика пәнінен ІІІ орын, 10 сынып оқушысы Мұрат Дәулет, жетекшісі Кәрібаева Ақманат, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын, 9 сынып оқушысы Кеулімхош Ақерке, жетекшісі Құрманәлі Айгул, ағылшын тілі пәнінен ІІІ орын 9 сынып оқушысы Рустем Жанерке, жетекшісі Молдашева Рамина, география пәнінен ІІІ орын 11 сынып оқушысы Балтабай Нұртуған, жетекшісі Атаева Зубайра, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен алғыс хат 11 сынып оқушысы Ермекова Меруерт, жетекшісі Досанова Алмагүл жүлдегер атанған. Ал жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық Дарын ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша білім ордасынан барлығы 7 оқушы қатысып, жүлделі III орын - 4 оқушы, алғыс хатпен - 2 оқушы жеңіс төрінен көрінген. Сонымен қатар, химия бағыты бойынша III орын, 10 сынып оқушысы Сұлтан Альбина, жетекшісі Сматуллаева Зарипа, тарих бағыты бойынша III орын, 9 сынып оқушысы Базартай Саят, жетекшісі Ибраев Бекзат, өлкетану бағыты бойынша III орын, 11 сынып оқушысы Асқар Алихан, жетекшісі Насырова Бахыт, әдебиет бағыты бойынша III орын, 9 сынып оқушысы Сәрсенбай Ерзат, жетекшісі Құрманәлі Айгул, информатика бағыты бойынша алғыс хат 10 сынып оқушысы Жалғасбек Дарын, жетекшісі Ақбар Назерке, тіл білімі бағыты бойынша алғыс хат 10 сынып оқушысы Қонақбай Ақбота, жетекшісі Жарас Ғалия жеңімпаз атанған. Сондай-ақ, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде 4 оқушы қатысып, жүлделі 2 орынмен қорытындылады. Оның ішінде II орынды 6 сынып оқушысы Абдуллова Фатима, жетекшісі Медетова Мөлдір, III орынды 5 сынып оқушысы  Бақытжанұлы Мүслім, жетекшісі Сматуллаева Зарипа иеленді.

Мектеп оқушылары жеткен жетістік мұнымен шектелмейді. Олар білім олимпиадаларынан бөлек түрлі шығармашылық сайыстарда да жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Мәселен, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай республикалық «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты эссе байқауының қалалық кезеңінде, Усенова Салима Құндақбайқызы жетекшілік еткен 7 «А» сынып оқушысы Кемелова Шамшырақ III орын иеленген. Сондай-ақ,  «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының «Жас қаламгер» бағыты бойынша мақала жазудан Усенова Салима Құндақбайқызы жетекшілік еткен 7 «А» сынып оқушысы Қанат Асылзат III орын иеленген. Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Қызылорда балалар қиялында» атты облыстық сурет байқауында жүлделі І орынды №171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы Серік Еркебұлан иеленген. «Алтын қазына» тақырыбында өткізілген республикалық көрме байқауының қалалық кезеңінде мектеп ұстазы Сеилова Жанардың жетекшілігімен Әділбек Рамазан «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн – жобасы» номинациясы бойынша 3 орын иеленген. «Алтын қазына» тақырыбында өткізілген республикалық көрме байқауының қалалық кезеңінде «Қағаздан бұйымдар жасау» номинациясы бойынша Абдулла Фатимаға алғыс хат иесі атанған. Сондай-ақ, «Алтын қазына» тақырыбында өткізілген республикалық көрме байқауының қалалық кезеңінде «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн – жобасы» номинацияся бойынша №171 орта мектебінің оқушысы Әділбек Рамазан ІІІ орын иеленген. Дәл осы байқау аясында «Алтын қазына» тақырыбында өткізілген республикалық көрме байқауының қалалық кезеңінде «Қағаздан бұйымдар жасау» номинациясы бойынша Абдулла Фатима алғыс хат иеленген. Ағымдағы жылдың 16-18 ақпан аралығында, Талдықорған қаласында Каратэден (WKF) юниорлар және жастар (U21) арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болды. Ел чемпионатына мектебіміздің 8 «б» сынып оқушысы Құдайберген Тоғжан қатысып III орынды иеленген. C.Сейфуллин атындагы №4 ІТ мектеп- лицейіне 60 жыл толуына орай және Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай кала мектептері арасында қолданбалы әскери-спорттык жарыста АК-74 автоматын жартылай шашып жинауда І орын алғаны үшін № 171 мектеп-лицей оқушысы Жалғасбек Дарын және патриоттық сурет салу сайысынан Сұлтан Альбина жүлделі III орын алған. Жалпы білім беру ұйымдарының 6-8 сынып оқушылары арасында «Батырдың портреті» тақырыбында өткізілген портреттер сайысында «Заманауи суретші» номинациясымен №171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің 8 «Б» сынып оқушысы Нұрғалиева Айгерім алғыс хатпен марапатталған. «Қызылорда қаласының №1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» мекемесінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» атты онлайн мәнерлеп оқу сайысына белсене қатысқаны үшін Ғани Мұратбаев атындағы №171 орта мектебінің 3 «б» сынып оқушысы Алтынбай Еңлік ІІІ-орын дипломымен марапатталған. Сондай-ақ 9 «Б» сынып оқушысы Еңсепов Ғалымжан республикалық «Махамбет оқулары» байқауының «Ел құтқарар ер едім...» атты мәнерлеп жатқа оқу бөлімі бойынша қалалық кезеңінен 1 орын алып, облыстық кезеңінен Алғыс хатпен марапатталған. Қызылорда қаласының тарихы музейінде білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары арасында Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысынан ІІІ орын иеленгені үшін №171 Ғани Мұратбаев атындағы 7«А» сынып оқушысы Назар Бейбарыс марапатталған.

Білім ордасының оқушылары спорттық сайыстарда да жүлделі орын алып келеді. Оның ішінде «Алаш арыстаны» спорт орталығының 2 жыл толуына орай дзюдодан жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған қалалық ашық турнирінде 35 кг салмағында Алтай Заңғар жүлделі І орын алған. Өзбекстан мемлекеті, Ташкент қаласында каратэ WSF-тен өткен Әлем чемпионатына қатысып 5 «Б» сынып оқушысы Бермағанбет Ибраһим «Shobu ippon kumite» бағдарламасында 30 кг салмақта ІІ орынды иеленіп, көк туымызды желбіретіп, әлем чемпионы атанды. Өзбекстан мемлекеті, Ташкент қаласында каратэ WSF-тен өткен Әлем чемпионатына қатысып мектебіміздің 8 «Б» сынып оқушысы Құдайберген Тоғжан «Shobu ippon kumite» бағдарламасында 60 кг салмақта 2 орынды иеленіп, көк туымызды желбіретіп, әлем чемпионы атанған.

Білікті ұстазы бар мектептің білімді шәкірттері осылайша биіктен көрініп, мектеп абыройын асқақтатып келеді. Тамыры тереңге бойлаған, көркем тарихы бар Ғани Мұратбаев атындағы №171 мектеп-лицейінің білім көкжиегіндегі орны ерекше. Жыл сайын  білікті шәкірттерін қияға қанаттандырып жатқан байырғы білім ордасынан әлі талай білімді, талантты түлектердің ұшары анық.

сурет egemen.kz

Тағы да оқыңыз: