Kyzylorda-news.kz.  Республикалық олимпиаданың аудандық, қалалық кезеңіне Қызылорда облысынан 8 ауданынан (қаладан) 5117 оқушы қатысты.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңі 2023 жылдың 30 қаңтарынан 3 ақпан аралығында өтті. Жаратылыстану-математикалық бағытынан 2687 оқушы және қоғамдық-гуманитарлық бағытынан 2430 оқушы 13 пән бойынша сынға түсті.

Олимпиада «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өтіп, YouTube арнасында тікелей трансляция жүргізілді. Академиялық адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылданды. Тур нәтижелері мен олимпиадаға қатысушылардың жұмыстары жазылған хаттамалар аудандық, қалалық білім бөлімдерінің ресми сайттарында жарияланды. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде «Адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты.

Республикалық олимпиаданың үшінші кезеңіне 423 оқушы өтті. Олар ақпан айының 13-18 аралығында бақ сынайтын болады.

Тағы да оқыңыз: