Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхананың ұйымдастыруымен № 187 IT мектеп - лицейінің оқушылары мен Бердібек Соқпақбаевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Менің атым Қожа» атты кино-тайм өткізілді.

Бердібек Соқпақбаев – алғаш еңбек жолын ұстаздық етумен бастаған. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиетін жандандырған жазушылардың бірі болады. Шығармашылық жолын өлеңмен ғана тоқтатпай әңгіме,повесть, роман кітаптары жарық көреді. «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді», «Менің атым Қожа» секілді туындылары көптеген шет тілдеріне аударылып және сахналық, экрандық нұсқаға айналған. Солардың бірі «Менің атым Қожа» атты туындысы балалардың ең сүйікті киносына айналды. 

«Менің атым Қожа» повесінде кішкентай Қожаның мектеп жасында басынан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары баяндалатыны жәйлі және дос бол білу мен қатар ұстазға деген құрметті үйрету кадрлары суреттелгенін жас ұрпаққа түсіндіріп, мазмұнын ашу. Оқушыларға кітапхана да тек кітап оқумен ғана шектелмей түрлі қызықты шаралардың болатынын көрсету және мақсатымызға жету үшін небір қилы қызықтардан тұратынын ұғындыру.

Тағы да оқыңыз: