Kyzylorda-news.kz.  Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХIV сессиясының шешіміне сәйкес, аймағымыздың мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын ұстаздар 2023-2024 оқу жылында медициналық тексеруден тегін өтетін болды.

Бұл мақсатта облыс әкімінің қолдауымен бюджеттен 90 млн-нан астам қаржы бөлініп отыр.

Айта кетейік, өткен жылы медициналық тексеруден өту тек балабақша қызметкерлеріне ғана тегін болып келсе, енді биылдан бастап білім саласы қызметкерлері толық қамтылады.

Тағы да оқыңыз: